Денсаулық

Алматы облысында коронавирус жұқтырған ер адамға қатысты жаңа дерек шықты

67 жастағы ер адамнан қауіпті дерттің белгілері анықталған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысында коронавирус жұқтырған ер адамға қатысты жаңа дерек шықты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 67 жастағы ер адам Жамбыл облысы - Ұзынағаш ауылының тұрғыны. 29 наурызда Қарасай аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Одан коронавирус белгілері байқалған.

Сондай-ақ, ер адамның карантин енгізілгенге дейін Алматыда иық буыны артритін емдеп жүргені белгілі болды. Ер адаммен байланыста болған екі адам анықталды, олар карантинге жатқызылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін Алматы облысында 7 адамнан коронавирус анықталды. Ал Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 294 адамға жетті.