Әлем жаңалықтары

Билік карантин енгізуден бас тартып отыр

Белоруссия

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белоруссияда 350-ден астам адам короновирус жұқтырған. Көз жұмғандар да жоқ емес. Арасында танымал актёр Виктор Дашкеевич те бар.

Алайда елде әлі күнге мектептер мен жоғары оқу орындары жабылған жоқ. Сабақтарының әлі жалғасып жатқанына наразы студенттер деканаттарынан тиісті бұйрық шығаруды талап етті. 

Ірі спорт жарыстары да өтіп жатыр. Сондай-ақ ел аумағындағы ондаған полигонда әскери жаттығулар басталып кетті. 

Ал Белоруссия президенті болса: "Трамп формуласын білесіздер. Егер жұмысты дереу тоқтатсақ, короновирустан гөрі адам аштан көп өледі деді. Оның шындықты айтқаны маған ұнады" дейді.