Көзқарас
Байлықтың да, кедейшіліктің де өздеріне тән энергиясы бар
Әрине, бір-біріне табиғатына қарама-қарсы дүние. Екеуінің айырмашылықтары неде? Артықшылығы мен кемшілігі қандай? Кедейшілік байлықтың энергиясын үйрене ала ма? Бұл туралы бізге мектепте не болмаса университетте айтпайды, үйретпейді. Әрине, мемлекетке бай және тәуелсіз адамдар керек емес қой. Оларға құл сияқты жұмсап, айтқанын істеткіздіретін адамдар керек.
Психологтардың айтуынша, егерде кедей адам қаржыға мұқтаж болса да,өздерін бай адамдардың кейпінде ұстаса, онда оның энергетикасы ақшаға тартылады. Бірақ сіз ешқашан бай адам болмасаңыз, бұның бәрін қалай түсінуге болады? Ол үшін не істеу керек? Қалай ойыңды өзгерту керек? Ақшаға қандай көз-қараста қарау керек? Осы сұрақтарға жауап беру үшін, байлық пен кедейшіліктің энергиясын айырмашылығын көру үшін, мына критерийлерге көз жүгіртсек.
Кедейшілік энергиясы:
1. Лас және ұқыпсыздық. Көңіл аударып қарасаңыз, кедейшіліктің бәрі лас жерде.Үй тазаланбаған, киімдер шашулы, терезе жуылмаған. Ақша тазалықты жақсы көреді, егерде тазалық болмаса, ақша да жоқ.
2. Ескі қоқыс. Жиналған керек емес, қолданбайтын заттар, ақшаға деген энергияны өшіреді. Егер ескі заттардың орнын босатпаса, жаңа заттарға орын қайдан табылмақ? Мен танитын ақшаға мұқтаж адамдар осы пунктпен 100% келіседі. Бірақ келіскен күннің өзінде, үйлерінің тең жартысы қолдануға жарамайтын 20 жылдық заттары бар. Қайдан шыққан парадокс? Себебі олар мұны қоқыс деп есептемейді! Ойларында «Бір күні керек болып қалар!»,-деген стереотиппен өмір сүреді. Ата-бабасынан қалған жиhаз, ешкім оқымаған немесе болашақта оқымайтын шаң басқан кітаптар, болашақ ұрпақтарымызға деп сақталған киімдердің тасталынбауынан басталады.
3. Болашағы жок экономия. Яғни, соңғы қалған тиынын керекті дүниеге қалдыру. Мысалы, шұлықты тесілгенше киіп, оны қайта жамау, ойларында «бәрібір, аяқ киімнен көрінбейді!», т.б дүниелер. Себебі, ұсақ-түйек заттарға ақша құртудың керегі жоқ,одан да пәтер ақы төлеу немесе қонаққа барар да ұялмай ақша апару деген оймен өмір сүреді. Осындай оймен жүргенде байлық қайдан келсін?
4. Армандарға тыйым салу. Дүкеннен әдемі көйлек көріп, өзіңіздің үстіңізде елестетудің орнына,қазіргі тілмен айтқанда визуализация жасаудың орнына, «Бұл көйлекті ешқашан ала алмаспын!» деп мойынсыну. Немесе жұбайыңыз армандап шет елге шыққысы келетіні жайлы айтса, сіздің «Қайдағы шет ел, баланы қатарластарынан қалдырмай киіндіру керек!» -деп айтуыңыздың, түйсігіңіздің бәрі болашағыңыз кедейшілікке әкеледі. Егер сізде қазіргі уақытта ақшаңыз болмаса,болашақта да шет ел асып қыдыруға, әдемі көйлекті алуға ақша болмайды деген сөз емес.
Байлық энергиясы:
1. Үйдегі тазалық. Таза дәліз, себебі үйге кірер есіктен ақша келеді. Таза бөлмелер, себебі ақша сонда сақталады. Таза терезе, себебі метафизикалық деңгейде болашаққа қақпалар.
2. Дұрыс ойлау. Сіз ойыңыздағы барлық дүниеге қол жеткізесіз. Әдемі көйлек, шет елдегі демалыс, жаңа көлік. Осының барлығы сізде бар деп елестетіңіз. Өзіңізді әдемі көйлекте, жаңа машинада рөлде отырғаныңыздың бәріне визуализация жасаңыз. Әрине, барлығы сіздің өміріңізде орындалады. Бастысы сену және соған мүмкіндік беру.
3. Қайырымдылық жасау. Байлық энергиясы алмасу, яғни беру-алу ретінде туындайды. Егер жұмыс істеп, ақша тауып, жинап,өз қажеттіліктеріңізге жұмсасаңыз, ешқандай нәтиже болмайды. Қазіргі таңда, қатерлі дертпен ауыратындар немесе жетім-жесірлерге көмектесіп, сауап жинасаң, өзіңе бұның бәрі екі еселеніп қайтып келеді.
Мұнымен не айтқым келеді? Әр адамның болашағы өз қолында! Бастысы сана-сезім мен ойды дұрыс қалыптастыру керек.