Шымкентте қар жауды: Төтенше жағдай реттелуде - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Ауа райы

Шымкентте 8 сәуірде жауған қардың салдарынан қалада 100-ге жуық ағаш құлап, 30-дан астам автокөлік зақымданды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Қалада электр қуатынсыз қалған 8 мыңға жуық абонентті жүйеге қайта қосу бағытында авариялық қызметтер үзіліссіз жұмыс істеуде.

Қардың салдарынан туындаған апат зардабын реттеуге ТЖ департаменті тарапынан 80-нен астам маман мен 20-ға жуық техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, бұл жұмыстарды қаладағы өзге де авариялық қызметтер тынымсыз атқаруда.

Қазірге дейін алғашқы 1500 абонентке электр қуаты берілді.

Қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

0 Пікір Кіру