Шымкент: сall орталық 8707 қоңырауға жауап берді - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Карантин кезеңі

Төтенше жағдай кезінде қала тұрғындарының сауалдарына тұщымды жауап беру мақсатында қала басшылығының шешімімен арнайы Сall орталық жұмысын бастаған болатын.

39-50-55 нөміріне тіркелген 9 телефонда күнделікті отыратын мамандар 22 наурыз бен 9 сәуір аралығында азаматтардан түскен 8707 қоңырауды тіркеп, сауалдарға жауап берді.

Орталық қызметіне жүргізілген талдау жұмыстары соңғы үш күнде осындағы мамандардың 2224 сауалға жауап бергенін көрсетіп отыр.

Жалпы, бүгінге дейін сall орталыққа:

- әлеуметтік көмек жайлы 5454; тасымалдау бойынша 1553; кәсіпкерлік туралы 722; блок-бекеттер жайлы 378; коммуналдық проблемалармен 223; карантин бойынша 128; бетпердеге қатысты 87;азық-түліктің бағасы туралы 86;

- дезинфекциялау мен қашықтан оқыту және өзге де мәселелермен 76 қоңырау шалынған.

Әлеуметтік бағыттағы сұрақтардың артуына орай, қаладағы аудан әкімдіктерінде арнайы мамандар кезекшілігі ұйымдастырылып, орталыққа түскен қоңыраулар бағыттау (переадресация) жүйесіне қосылған.

0 Пікір Кіру