COVID-19
Иранға дертіне дауа іздеп барған отандастарымыз елге орала алмай жатыр
Республикамызда төтенше жағдай жарияланбас бұрын, еліміз азаматтары Иранның Горган қаласына ем алуға сапар шеккен болатын.
Олар мемлекет шекарасын ақпан айында тәрк етіпті, осылайша елден жырақта тығырыққа тірелген қазақстадықтардың жат елдегі жан айқайы бар.
Ағымдағы жылдың ақпан айында еліміздің 23 азаматы жанына шипа іздеп, шекара сыртына аттаныпты, төтенше жағдай жарияланып, карантинге жабылған өзге елде қалып қойды. Өзге елден ем іздеген ағайын, мұндай жағдай боларын күтпеген. Десе де, төтенше жағдай жарияланбас алдын, елде ескерту жұмыстары жүргізілгендігі және шекара сыртындағы қазақстандықтарға шет елге әуе қатынасы тоқтайтындығы ескертілгені тағы бар. Әлемдегі ахуалға байланысты жат жерде жүрген жерлестеріміз көмек сұрап жалбарынуда.
Тіпті, Ақтау қаласының тұрғыны, азаматша Фатима Бали ем іздеп барып екі айға өзге елде қалып, ай-күні жетіп, перзентінің кіндігін жат елде кесуге мәжбүр болған. Ал, анасын сағынған елдегі балалар, анасының ем іздеп кеткен ұзақ сапарынан оралуын ынтығып күтуде. Жат елдегі жабырқаған ана - Надия Павиз өкіметке көмек сұрап жүгінуде, азаматшаның айтуы бойынша, Иранда ахуал нашар, қаражаты қалмаған және мүмкіндік болса, ертерек елдегі балаларымен қауыштыруды сұрайды.
Ресми деректерге сүйенсек, Иранда қауіпті дерт жұқтырғандар саны 70 мыңға жуықтаған. Ал Горган, Бендер, Түркімен қалаларында жерлестеріміздің жалпы саны 40-тан астам екен. Отандастарымыз, індетті жұқтырып алудан қорқып, вирусты анықтауға тестілеу жасатқан.
Отанынан және отбасынан жырақта қалған отандастарымыздың алдағы жағдайы не болмақ? Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың хабарлауы бойынша, алдымен тек ахуалы нашар жерлестеріміз елімізбен қауышпақ. Сыртқы істер министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, арнайы санитарлық ұшақ жасақтауы айтылды. Демек, Жат жердегі жерлестеріміздің күтуден басқа амалы жоқ.