COVID-19

Коронавирусты жұқтырған ең алғашқы адам Қытайдағы зертханада жұмыс істеген

Америкалық БАҚ хабарлайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америкалық FOX News телеарнасының хабарлауынша, COVID-19 инфекциясымен ауырған ең алғашқы адам Ухань қаласындағы Вирусология институтынының зертханасында жұмыс істеген. Теларнаның дереккөздері Қытайды дәлелдерді жойып жіберді деп айыптап отыр.

БАҚ тілшісінің айтуынша, коронавирус алдымен жарқанатта пайда болып, кейін адамға таралған. Ал ол адам Ухань тұрғындарына жұқтырған.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың қорғаныс министрі Марк Эспер де Қытай билігін коронавирус жайлы ақпараттарды жасырып отыр деп айыптап, әлем елдерін Пекинге ресми қысым көрсетуге шақырған еді. Ал ҚХР билігі оның сөзін жоққа шығарып, індет туралы ақпараттың бәрін ашық әрі жедел таратып отырғанын айтты.

Азаттық рухы