Шымкент

Шымкент: 153 мыңға жуық адамға әлеуметтік төлем берілді

Әлеуметтік көмек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттен берілетін 42 500 теңгеден тұратын әлеуметтік төлемді 16 сәуір, сағат 15:00-ге дейін 152 521 адам алды. 382 669 жолданған өтімнің 144 850-ына түрлі себептерге байланысты төлем жасалған жоқ.

42 500 теңге әлеуметтік мынадай себептермен кері қайтарылады:

- Өтінім берушінің жеке бас дерегі дұрыс көрсетілмеген;

- Банк реквизиттері дұрыс көрсетілмеген;

- Өтінім берушінің тұрақты жалақы төленетін жұмысы бар (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері);

- Зейнетақы мен жәрдемақы алушылар, ТЖ режимі енгізілгенге дейін ресми жұмыс істемеген;

- Өтінім берушіде ТЖ режимі енгізгенге дейін соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар, зейнетақы жарнасы, БЖТ жасалмаған немесе өзін бейресми жұмыспен қамтушылардан өтінім берген уақытқа дейін БЖТ жіберілмеген;

- Өтінім қайтыс болған адамның немесе ҚР-дан тыс жерде тұратын азаматтың атынан берілген.