COVID-19
Карантин режимін сақтауды сұрады
Ол өзінің Twitter-дегі парақшасында елімізде COVID-19 жұқтырғандар санының көбейіп жатқанын, бірақ геометриялық прогрессиямен еместігін айтты. Оның айтуынша, бұл дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесі. Сонымен қатар президент індеттің шарықтау шегінен өтпегенімізді де айтып өтті.
Мемлекет басшысы қауіпсіздікке аса мән беру керектігін ескертті.
"Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажет", - дейді президент.
АЙта кететін жайт, Қазақстанда 1 735 адам коронавирус жұқтырды, оның 401-і жазылып шықты. 19 адам көз жұмды.