Woman
Психологиялық триллер
Соңғы 2-3 жылда отандық кино-индустрия қарқынды даму үстінде. Қуантарлық жайт. Алайда жұрт әбден жеңіл комедияға еті үйреніп қалған.
Осы тұста, әрдайым өзіне ғана тән ерекшелігімен дараланатын Ақан Сатаев ағамды атап өтпеу мүмкін емес! Әсіресе, ұнағаны 2017 жылы жол тартқан "Она" фильмі. Бірақ оны тамашалау тек 2020 жылы ғана бұйырыпты. Несімен жүрегімнен орын тапты дейсіз ғой. Түсіндірейін: біріншіден, қазақ киносының тариxында бұрын-соңды болмаған псиxологиялық триллер. Екіншіден, тұңғыш рет әлемдік саxнаға суырылып шыққан фильм, яғни Жиырмасыншы Ғасыр Фокс кино-студиясының өзі ұсыныс тастауымен, Ресей, Армения, Қырғыстан, Беларусь сынды мемлекеттерге көрсетілді. Мақтанарлық оқиға! Олай болса, фильмнің сюжетіне көшсек.
Фильмнің бас кейіпкері, яғни "Она", шынайы емес, өзінің әлемінде өмір кешеді. Ал, оның жалғыздығын бөлісетін тек қызы. Бірақ уақыт өте келе, қалада жалғыз емес екендерін түсінеді. Тағы бір адам бар, бірақ ол қауіпті. Бастан аяқ фильм сізді түсініксіз күдікті ойдың жетегінде ұстайды. Біртіндеп шындықтың беті ашыла бастағандай болады. Бұл әйелдің өмірінің мәнісі тек қызы ғана, бірақ неге олар жалғыз? Иә, барлығын толғандыратын да дәл осы сұрақ.
Бірақ бұл түсінік бірден келмейді. Ең алдымен, кейіпкерлермен бірге біз кейде қорқынышты, кейде мистикалық көріністер арқылы өтуіміз керек. Мұның бәрін біз , Айсұлу Әзімбаева секілді өте әдемі әрі талантты актрисамен бірге бастан кешеміз. Фильм бізді ешнәрсеге де үйретпейді. Баласынан айырылған, онымен қоса ешқашан құрсақ көтере алмайтын жағдайға жеткен әйелдің өмірін көреміз. Алайда, бұған қарамастан, идеяның жақсы болуы, бұндай қайғылы уақиға кез келген әйелдің басына түсуі мүмкін. Фильмнің мәнісі де-осыда.
Олай болса, кино сүюшілер, сапалы әрі отандық фильмдерді жиі тамашалап, барынша қолдау көрсетейік! Бар тілерім қазақ кино өнерінің жұмысы жемісті болып, тек алға ұмтылып, әлемге танылып, биіктерден көріне берсін!