Көзқарас

Адам өмірінің мәні неде?

Ретроспективалық сұхбат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адамзаттың барша тірі организмнен айырмашылығы - үнемі сұрақтар қойып, соған жауап іздеуі. Қалай терімшілікпен, аңшылықпен айналысамын деген мәселеге жауап ретінде үшкір тас, гарпун, чоппер сынды қарапайым еңбек құралдарын жасап шықты. 

Мұнымен тоқтап қалмай, табиғатты әр қырынан танып, алдымен тасты, кейін мыс пен қалайыны қосып қоланы, одан соң темірді игеріп, бірнеше дәуірден тұратын адамзат эволюциясын қалыптастырды. Бүгінде жаңа технологияларды жасап, тіпті жасанды сананы да "оятты". Алайда әлі күнге нақты шешімін таппай келе жатқан, ауқымдылығы сонша – адамдарды бірнеше көзқарас ұстанатын топтарға бөлген сұрақтар да бар. Ол – әлем мен адам мәселесі.

Бұл мәселелер негізінде адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім - философия қалыптасты. Жер шарының түпкір-түпкіріндегі философтар өз тұжырымдары негізінде жаратылысты түсіндіруге тырысты. Оның ішінде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулат, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, сондай-ақ, ерекше орынға ие Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шоқан Уәлиханов сынды қазақ философтары да бар.

"Адам өмірінің мәні неде?" сынды сұрақтарға жауап іздеу мақсатында уақыт аралығында саяхат жасап, өткенді баяндайтын әңгімелесу тәсілін қолданып көруді ұйғардым. Жайпақ тілмен айтқанда, өлілермен сұхбат, яғни жоғарыда айтылған қазақ пәлсапашылары ретро-сауалнамаға жауап бермек.

Сонымен, адам өмірінің мәні неде?

Қожа Ахмет Яссауи: Адамның мақсаты - кемел адам қалпына жету, ал кемелдік жолы - сопылық, алладан басқаны мойында-май, дүниені, бала-шағаны, нәпсіні тәрк етіп, тақуалық жолына түсу, жүректі оятып, алланы сүю, оған деген махаббат, ғашықтықтудыру. Бірақ аллаға ғашықтық жолында адамға кедергі болатын оның нәпсісі.

Жүсіп Баласағұн: Осы адам деген атақты жоғары ұстау, оған сай өмірі сүру. Ол өмірді адамға алланың берген қарызы деп түсінеді, осы өмірд мәнді кешкен адам ғана қарызын қайтара алады.  

Абай Құнанбаев: Адам өмірінің мәні - адамдықты сақтау. адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады. Күллі адам баласын қор қылатын  үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек дейді. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Үш-ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен әлеуметтік ізгі күшке айналдыратын - ғылым.

Әбу Нәсір әл Фараби: Адам өмірінің мақсаты - бақытқа жету. Адам әуелі бақыттың не екенін түсініп, оныі өзінің мақсаты ретінде анықтап алған соң ғана оған жетудің жолдарын танып-біле алады. Ал шын бақыттың не екенін түсінуге көмектесетін - адамның ақыл-ойы. Ақыл адамға күш береді; ақыл-ойына көбірек жүгінген адам ғана жақсы мен жаманды айыра алады. Одан кейін - жігер. Жігердің үш түрі бар, біріншісі - түйсіктен, екіншісі - елестетуден, үшіншісі - ойлау қабілетінен туындайды, соңғысы еркін тандау және ол адамға ғана тән, басқа жануарларда ол жоқ.

Бақытқа барлық адам бірдей бөлене ме?

Әбу Нәсір әл Фараби: Нағыз бақыт деген білімге, ізгілікке және әдемілікке ие болу. Оған жету үшін адамның бойында жігердің осы үш түрінің бәрі де болуы шарт. Бірақ адамдардың бәрі бірдей бақытқа бөлене бермейді, себебі олардың ойлау қабілеттері, мүмкіндіктері әр түрлі. Бақыттың не екенін, оған қалай қол жеткізуді түсінбеген адам өзінің өмірлік мақсаты етіп мүлде басқа нәрсені таңдап алуы мүмкін. Бұл жағдайда адам абсолюттік ізгілік - бақытқа емес, абсолюттік зұлымдыққа тап болады.

Дүниедегі ең басты құндылық не?

Жүсіп Баласағұн: Адам баласы - дүниедегі ең басты құндылық. Адамды жаратушы алла тек оны ғана емес, ай мен күнді, күн мен түнді, аспан мен жерді, дала мен тауды, қол мен елді де дүниеге әкелді бірақтек адамға ғана теңіздейін телегей ақыл, білімге бой ұрдырар зерде қайырымды іс қылдырар ар-ұят пен намыс сыйлады.