Hi-Tech
Прогресс
Жаңа технология. Бұл сөздерді естігенде ойыңызға алдымен не түседі? Бәлкім интернет, компьютер не қолыңыздағы смартфон болар.
Ал менің алғаш ойлайтыным «прогресс» сөзі. Себебі технологияны әлемге алып келген де прогресс, жаңа технологиялардың әлемге алып келетіні де прогресс. Адамзат жер бетінде пайда болғаннан бері тоқтаусыз қозғалыста болып, дамуы – Ыбырай атамыз айтқандай айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызып, адамды құстай ұшырған құрал-жабдықтардың дамуына алып келді емес пе? Бүгінгі күні өмірімізді оларсыз елестету мүмкін емес.
Қарапайым өз үйімізді мысалға алайық. Ас бөлмемізді электр пеші мен ыдыс жуатын машинасыз, қонақ бөлмені теледидарсыз, ал жатын орнымызды тым болмағанда бір гаджетсіз елестету мүмкін емес.
Технологиялардың адам өмірінің мұншалықты ажырамас бөлігіне айналуын әрине теріс деуге болмайды. Алайда адам өмірін материалдық тұрғыда дамытып, тұрмысымызды жеңілдеткенімен, жан дүниеміздің прогрессына керіс әсер етіп жатқан секілді.
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деген данышпан Абайдың өлеңінен үзінді бұл жағдайға дәл сипаттама береді. Адамдардың тұрмысын да жұмысын да роботатехниканың жасауы ел- жұрттың бойында өзімшілдік, жалқаулық, жігерсіздік сынды қасиеттердің көбеюіне бірден бір себепші болып отыр.
Ал теріс қасиеттердің қоғамда күннен күнге өсуі, рухани дамуымызды тіпті тоқтатып тастауы мүмкін. Рухы өлі, тәні тірі адамның ертеңгі болашағы болмайды. Сондықтан Бауыржан Момышұлының «тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне бүгінгі күнмен паралелль жүргізіп, «адами құндылықты артқа тастап, жаңа технологиялардың дамуы- болашақтың балтасы» деген ойға келу керекпіз.
Жапония технология жөнінен ең алғашқы орындарда болса да, ұлттық салт-дәстүрін, адами қасиеттерін жоғалтпауы – оны әлемдегі ең қуатты мемлекеттердің біріне айналдырып отыр.
Егер бізде технологиямыз бен рухани құндылықтарымызды қатар ұстап, бір-біріне ұштастыра білсек, онда еліміздің ертеңіне ештеңе қауіп төндірмес еді.