МӘДЕНИЕТ
Жүсіп Баласағұн мұрасынан
Жүсіп Баласағұнның ең бір сәтті шыққан туындысы – «Құтты білік». Дәл осы шығармасына тәнті болғанғандықтан, патша оған Ұлы Хас Хажыб атағын берді, яғни, өзінің көрер көзі, естір құлағы етті. Өзінің философиялық тұжырымдарының арқасында ол мемлекет заңдары мен сол елдің əдет-ғұрпының дұрыс орындалуын қадағалап отыруға мүмкіндік алды.
«Құтты білік» еңбегі негізінен даналарды мақтау, ел басқару ісі және адамгершілікке бағытталған философиялық тұжырымдардан тұрады. Дегенімен, ол сөз құдіреті және тіл өнері туралы да жазып өткен. «Құтты біліктің» ең негізгі көтерген мəселесі — адамгершілік. Адамгершіліктің сан саласы бар. Оның бірі — тілді тыйып ұстап, орынды жұмсай білу. Тіл екі жүзді қанжар секілді. Тілден бақ қонады, тілден бас кетеді» деп, өзі де кіріспеде жазып өткендей, тілдің құдіреті зор.
Жүсіп Баласағұнның «Тіл — арыстан есік баққан ашулы,
Біліп айтқан сөз — білікті, саналар,
«Құтты білік» дастанындағы бұл жолдар сөздің мысын, салмағын айқындап тұрғандай. Шешен ата-бабаларымыз да, бір ауыз сөзбен үлкен дауларды шеше білген, ауыл-ауылды басқарған. Сондай-ақ орынсыз бос сөз адамның білімсіздігінің көрінісі. Осы тұрғыда қалай сөйлеу керек деген сұрақ та туындауы мүмкін.
Жүсіп Баласағұн бұған да жауап береді:
Көп сөйлесең, «Езбесің» деп жек қөрер,
Сөйлемесең, «Мылқау» екен — деп сөгер!
Бұлай болса, тең ортасы — керегің,
Тілге ұстамды болсаң, өсер беделің!
Яғни, орнымен айтылған сөзге қашан да естір құлақ табылады.
Тіліңді бақ, басың аман болады,
Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады.
Туған адам өліп сөзі қалады,
Өзі кетіп, ізгі аты қалады!
Қалар мұра — сөз, кісіден кісіге,
Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе.
Міне, Жүсіп Баласағұн сөз қадірі мен құдіретін осылай бағалайды. Ақынның пайымдауынша, дана адам біліп сөйлеп, содан соң өз сөзін ісімен дәлелдейді. Және сөз қашан да ақиқат пен әділеттің үлгісі болу керек деп есептейді.