Қоғам
Қазақ диаспорасы
Қазақ диаспорасы сонау XVIII ғасырдан басталған жоңғар-қазақ және орыстардың үстемдігінің кесірінен өзге елдерге көшуге мәжбүр болған. Оларды сол үшін «оралман» деп атап, қиын қыстау кезеңде елін, жерін сатып кеткен опасыздар деп айыптайды.
Бірақ оларға да түсіністікпен қарауымыз керек, себебі бала-шаға қамы үшін, отбасын асырау үшін олар басы ауған жаққа кетуге мәжбүр болды. Сондықтан оларды бөліп-жарудың қажеті жоқ, қайта керісінше қандастарымызды елге қайтарып, қазақтардың санын көбейткеніміз дұрыс деп санаймын.
Статистикалық мәліметтер бойынша қандас бауырларымыздың саны ТМД елдерінде өте көп. Бірінші болып көшті бастап тұрған ел ол – Өзбекстан болып тұр. Қазір бұл елде 1,5 милионнан астам қазақ тұрады екен. Оның 400 мыңнан астамы Қарақалпақстан Республикасында тұрып жатыр. Олар қазіргі таңда Қазақстанға қайта оралуға жыл сайын мыңдап арыз жазып жатыр. Көпшілігі Маңғыстау, Атырау, Алматы, Жамбыл облыстарына қоныс аударуда.
Ал Қытайдағы қазақтарға келер болсақ, олар басқа елдердегі қазақтармен салыстырғанда қиындық көп көріп жатыр. Оған себепсаяси қысым мен күштеп ассимияляциялау болып отыр. Сондықтан оларды тезірек өз атажұртына қайтару керек.
Қазақтардың тілі мен дініне еркіндік берген бірден-бір мемлекет ол – Моңғолия. Оған себеп, билік басында қазақ ұлтының депутаттары. Осылайша олар өздерінің қаншалықты демократияшыл мемлекет екендерін көрсетіп отыр. Қазіргі таңда ол елде 3 милионнан астам қазақ тұрып жатыр.
Бұл елдерден бөлек Еуропа, Америкада тұрып жатқан шетелдегі қазақтарда бар. Қазіргі таңда оларды елге қайтару үшін «Нұрлы көш» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр. Жалпы демографтардың зерттеуі бойынша әлем бойынша қазақтардың саны 4,5 миллионды құрайды екен. Бірақ одан көп болуы мүмкін деген болжам бар.
Біз тәуелсіздік алғалы бері 20 жылдан асты. Біз тәуелсіз елміз. Өз ұлтымыз бар. Бірақ олардың саны басқа елдермен салыстырғанда аз. Сондықтан әлемдегі қандас бауырларымызды елге қайтарудың барлық амалын жасауымыз керек.