Қызылорда облысы
Сыр өңірі
Туған жер әр адам үшін ерекше ыстық екені анық. Өзінің балалық шағы, өмірінің көп бөлігі өтетін жерді қимайтыны да анық. Сол туған жерінде өмірге алғаш рет қадам басып, алғаш сөйлеп, әріп танып, білім алған жер.Туған жер туралы шағарма жазбаған адам жоқ-ау, сірә. Әр адам өз өлкесімен туған жерімен мақтанады. Менің туған жерім Сыр өңірі - Қызылорда қаласы. Қызылорда қаласы еліміздегі қарқынды дамып жатқан облыстарының қатарында. Қорқыт ата дүниеге келген жер. Өлкемізде Арал теңізі мен Сырдария өзені бар.
Тарихи деректерге сүйенсек, ХІХ ғасырдың бас кезінде қазақтың қазыналы бай өлкесіне қызыққан Қоқан хандығы жерін кеңейтуді көздеп, Сыр өзені бойының жағалауларына бекініс салады. Солардың ішіндегі ең бірігі Ақмешіт болды.Кейіннен Ақмешіт қамалы Перовск порты деп аталды. 1868 жылы Перовск порты Перовск қаласы деп аталады да, ол Сырдария уезінің орталығына айналады. 1922 жылы Перовск қаласына Ақмешіт атауы беріледі де, 1925 жылы Ақмешіт қаласының аты Қызылорда болып өзгереді. Тарих беттеріне үңілсек біздің өлкеміздің бір кездері еліміздің басты қаласы, яғни Астанасы болғанын да байқаймыз.
Қызылорда халқы – салт-дәстүрді сақтаған, әдет-ғұрыпты құрметтеп орындайтын, үлкенді сыйлап, кішіге ізет білдіретін, қонайжай халық. Қызылорда да өзге ұлттың да адамдыры өмір сүреді, халықтың негізгі байланыс тілі-қазақ тілі. Халқы 95 пайызы қазақша сөйлейді. Оңтүстікте орналасқан өлкемізде ауа-райы да үнемі жылы, желді болады. Еліміздің өЗое қаласына барсаңыз Қызылорданың адамдарын тез-ақ ажыратып алуға болады. Олар ашық-жарқын, ешкімді бөліп-жармайтын, мейірімділігін жүзінен байқауға болатын халық.
Қызылорда – Алаштың анасы атанған қасиетті мекен. Ақмешіттің топырағында белгілі тұлғаларымызбен, зиялыларымыздың ізі қалған. Тұңғыш қазақ драма театрының шымылдырығы Қызылордада түрілген. Сыр елін – күрішсіз елестету мүмкін емес. Негізгі халықтың щығарылатын өнімі, айналысатын жұмысы – күріш. Өлкеміз жайлы айтып жатқанда Аралды тілге тиек етпеске болмас. Біздің туған жерімізде 90 жылдан астам тарихы бар «Аралтұз» тұз өндіру зауыты тұзын шығарады. «Жаңақорған» шипажайы. Жер бетінде сирек кездесетін балшығы бар бұл шипажай алыс-жақын шетелдерге жақсы танымал. Бұл шипажайдың негізгі емдік қоры - Теріскен көлінің балшығы мен тұзды суы.
1988 жылы бұл жерде табылған минералды судың құрамымен Кавказдағы әлемге әйгілі Железноводск қаласындағы минериалды судың құрамымен бірдей екені анықталған.
Жерлес ақын атамыз Ә. Тәжібаевтың мына өлең жолдарына кезек берсек:
Жазса Тарас Днепірді,
Жазса Пушкин Еділді,
Неге маған жырламасқа
Сырда туған елімді?!
Осыдан қанша уақыт бұрын жазылған «Сырдария» өлеңінің күші мен қуаты өзгермеді. Сырда туған әрбір жанның ұранындай.
Мен әрқашан туған жерім жайлы қуана, мақтана айтудан жалықпаймын!