Саясат

Қай елде қанша қазақ бар?

Әлемдегі қазақ қандастарымыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақтар ең көп орналасқан елдердің бірі – Өзбекстан Республикасы. Қазір бұл елде 2 миллионнан астам қазақтар тұрады. Олардың басым көпшілігі Ташкент қаласында, Жызақ, Бұқара, Науаи сияқты облыстарда тұрады.

Өзбекстанда ең бір қуантарлығы қазақ мектептері баршылық, қазір 522 мектеп оқушылары қазақ тілінде білім нәрімен сусындап келеді. Жалпы  234 мектеп – таза қазақ мектептері.

Өзбек елінде «Нұрлы жол» атты қазақ тілінде республикалық газет шығады. Соңғы уақытта өзбек теледидарынан «Замандас» атты қазақша хабар тұрақты көрсетіле бастады. Тіпті «Асыл мұра» атты қазақша кітаптар шығаратын арнайы редакция бар. Нүкісте «Бес қала» атты қазақ театры, Бостандық ауданында қазақ музықалық комедия театры ашылған және әлі күнге дейін өз жұмысын тұрақты түрде атқарып келеді..

Өзбекстан қазақтарының атажұртқа оралуға деген ынта-ықыласы өте ерекше. Оған Өзбекстан жағынан ешқандай қарсылық жоқ. Қазір Қазақстан Өзбекстанға жылына 15 мыңдай отбасының көшіп келуіне квота бөліп отыр. Ал арыз берушілердің мөлшері бұдан бірнеше есе көп. Қарақалпақстан қазақтарының біразы Қазақстанның Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарына қоныс аударды.

Қазақ диаспорасының ең көп бөлігі іргелес Ресей Федерациясында. Қазірге кезде Ресейдегі қазақтардың саны 1 миллионға жуық. Жалпы, Ресейдегі қазақтардың тұрмыс-тіршілігі жақсы. Тіпті, Ресейдің саяси өміріне араласып жүргендер де жеткілікті. Содан ба, олар қазір Қазақстанға қайта оралуды ойлап отырған жоқ.

Қырғызстанда 50 мыңдай қазақ бар. Қырғызстандағы қазақтар Бішкек қаласы мен Шу алқабында, Ыстықкөл айналасында көп тұрақтанған. Олардың басым көпшілігі арасында біразы қазақша, Ош өңірдегілер өзбекше оқып, білім алған. Қазақ мектептері өкінішке орай жоқ.

Ұлыбританиядағы қазақтар - алтайлық қазақтардың ұрпағы. Негізінен Лондон, Рединг қалаларында тұрады. Диаспора өкілдері үш тілде сөйлейді :  қазақ, түрік және ағылшын тілдерінде. Тұрмыстары жаман емес. Кейінгі кезде жастардың арасында білім алуға деген құлшыныс артқан.  Қазақстанның елшілігі жағынан қазақ тілін үйрету жетілдірмесі ұйымдастырылған, бұл жастарға ана тілін оқып-үйренуге зор көмек болды.

2004 жылы Лондонда қазақ мәдени қоғамы өз негізін қалады. Қоғамның басқарушысы - Исмайыл Кесижи. Елшілікпен қарым-қатынастары жақсы. Кейінгі кезде қауымдастықпен жиі араласып, Қазақстан имиджін қалыптастыруда игі істер атқарып жүр. 2009 жылы Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы осы Лондон қаласында өткен.

Қазақ елі кең-байтақ жерді алып жатса да,  халықтың санына зәру.  Сондықтан сырттағы қандастарымызды «оралман» деп бөліп-жармай, күннен- күнге діні мен тілінен айырылып, өзге елдің мәдениетіне тұншығып жатқан бауырларымызды елімізге тезірек алып келудің жолдарын шын мәнінде тездетіп қарастырғанымыз абзал. Себебі бүгінгі күні сан мыңдаған елдерде Қазақстанның елшіліктері бар. Барынша бауырларымыздың жағдайын жасап, қауіпсіздікті қамтамасыз отыр деп айта аламыз.