COVID-19
Жаңа коронавирус
Бұл неткен вирус?
Ғалымдар оған жаңа коронавирус деген анықтама беріп отыр. Бұл – латынның crowns (тәж) немесе halos (шеңбер) деген сөздерінен пайда болған атау. Өйткені, коронавирус микроскоппен қарағанда, осы екеуінің қосындысын еске түсіреді. Бұл вирустар тобына адамға зиянын тигізетін бірнеше түр кіреді. Олардың бірі тұмауға шалдықтырса, өзгелері жарқанаттар мен түйелерден және жануарлардан кездесіп, бүгінде ғылымда SARS (Ауыр әрі өткір респираторлық синдром) және MERS (Таяу Шығыс респираторлық синдромы) деген акрониммен белгілі болып отыр.
Ол қайдан келді?
Жұмбақ вирус өткен айда Қытайдың орталығындағы Хубей провинциясының Ухань қаласында пайда болды. Оны алғашқы болып жұқтырғандардың көбі теңіз өнімдерін сататын базарға барған немесе сонда жұмыс істеген. Бұл сауда орны дереу тергеуге жабылды. Қытайдың медицина мамандары әуелде коронавирустың жануарлардан – адамға берілетінін ғана мәлімдесе, қазір оның адамнан – адамға жұғатынын мойындауға мәжбүр.
Симптомдары қандай?
Бұл вирусқа тән симптомдар – тұмаурату, бас ауруы, жөтел және дененің қалшылдауы. Сонымен қатар, АҚШ-тың Ауруларды бақылау және олардың алдын-алу орталығының мәлімдеуінше, коронавирустың едәуір қауіпті түрін жұқтырғандар демігеді, қалтырайды, ал ауруы асқынған жағдайда пациенттер пневмонияға шалдығуы мүмкін.
Оны қалай емдейді?
Қазір жұмбақ вирусты анықтау жолында сынақтар жүргізіліп жатыр. Алайда, бұл инфекцияға тосқауыл қоятын вакцина әлі жасалған жоқ. Демек, ол жылына талай адамның өліміне себеп болатын кәдімгі тұмаудан қатерлі болуы мүмкін. Сондықтан, қауіпті дерттің кең тарауына жол бермеу мақсатында коронавирусты жұқтырғандар ауруханалар мен үйлерінде оқшауланады. Ал, оның симптомдары ауруды жеңілдететін және лихорадкаға қарсы дәрілермен емделеді. Сонымен қатар, мұндай науқастарға суды көп ішіп, жазылып кеткенше тынығуға кеңес беріліп отыр.
Коронавирустар қалай жұғады?
Коронавирустардың көбі жөтелгенде, түшкіргенде немесе осы инфекцияға шалдыққандарды ұстағанда жұғады. Ғалымдардың сөзінше, жаңа вирус адамнан-адамға жақын байланыста болғанда, тыныс алу жолымен беріледі.
Ол SARS-тан қауіпті ме?
Әзірге бұл вирус SARS-тан қауіпті емес. Соңғысы да 2002-2003 жылдары дәл осы Қытайдан тарап, 800-дей адамның өмірін қиғаны белгілі. Дегенмен, жұмбақ коронавирус қазіргіден де қауіпті немесе жұқпалы формаға ауысуы мүмкін деген болжам бар. Мұндай жағдайда оның зардабы қандай болары бүгінше белгісіз.
Әлемді жайлаған індетке байланысты еліміз де бірнеше алдын алу әрекеттерін жасады. Адамдар көптеп шоғырланған қалалар мен вирус кеңінен таралған елді-мекендерді карантинге жапты. Алматы қаласы бұл тізімнің алдына шықты. Ең алғаш қаламызда төтенше жағдай енгізіліп, қала толығымен жабылды. Бірақ заңға бағынбай қалаға енуге тырысқандар саны да көп. Тіпті арнайы жеткізуші ретінде такси жүргізушілері де өз қызметтерін ұсынды. Әрине, мұның барлығы отбасын асыраудың қамы деп есептейміз. Себебі жағдай қиын. Қала жабылғандықтан бірнеше мыңдаған адамдар жұмыссыз қалды. Алайда отбасын асырау үшін де қаржы керек. Осы себепті олар заңды бұзуға мәжбүр болды.
Коронавирус елімізде күннен күнге таралу үстінде. Жұқтырғандар саны сағат санап өсіп жатыр. Бастапқыда шетелден келгендерден жұққан бұл ауру енді шетелге шықпағандардан да табылып жатыр. Жақында ғана Қарағанды мен Семей, Ақтау қалалары да карантинге жабылатынын хабарлады. Дегенмен Астана қаласы біраз уақытқа дейін жабылмаған еді. Себебі негізгі саяси орталық болғандықтан қаланы жабу тиімсіз еді. Бірақ вирусты жұқтырушылар саны осы қалада бірден өсті. Қазір таралудың алдын алу шаралары жүріп жатыр.
Қалалар мен елді-мекендерге дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Қоғамдық көліктер мен орындар толығымен тазартылды. Алматыда қатаң режим енгізілді. Осының арқасында вирустың кеңінен жайылуының алдын алуда. Себебі вирустың орталығы болған Қытаймен көршілес отырмыз. Ал мүлде басқа құрлықтағы АҚШ пен Италия әлемдегі ірі ошақтарына айналды. Мемлекеттің қабылдаған қатаң шаралары мұндай жағдайдың алдын алуға көмегін тигізді. Бірақ болашақты болжап ешнәрсе айта алмаймыз. Егер тәртіпке бағынып, нұсқауларды орындасақ, бұл қатерден де шыға аламыз.
Әлемде орын алған бұл жағдайды Мұхтар Әблязов та өз мақсатына пайдаланып қалуға тырысуда. Ол карантин жағдайын Н.Назарбаевтың пайдасы үшін жасалған деп айыптады. Өзінің «Инстаграм» парақшасында арандатушылық бағытта жазылған посттары арқылы халықтың ойында кері пікір қалыптастырғысы келуде. Халықтың қазіргі жағдайын бос тәрелкеге теңеу арқылы біраздың ашуына да тиіп үлгерді. Назарбаевты «Бункербасы» деп атап, халықтың жанында емес деп айыптады. Бірақ қазіргі президентіміздің Қасым-Жомарт Тоқаев екендігін ұмытпаған жөн.
Коронавирусқа байланысты мемлекет тарапынан қабылданып жатқан ережелер мен атқарылып жатқан іс-шаралар туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевмынадай мәлімдеме жасады :
Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді.
Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 10 пайызға индексацияланады.
Осыған орай, аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.
Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсетіледі.
Енді, 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санаты кеңейтіледі.
Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады.
Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі.
Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі.
Сонымен қатар, тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейеді.
Атап айтқанда, мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да иеленеді.
Тегін азық-түлік сегіз жүз мыңнан астам адамға беріледі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартылады.
Соған байланысты медициналық көмек азаматтарға бұрынғыдай қол жетімді болып қала береді.
Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қолға алынады.
Кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі. Өйткені, олар – экономикамыздың тірегі.
Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек.
Шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатылады.
Мұндай қолдау сауда, көлік қызметі, қонақ үй, туризм және басқа да салаларды қамтиды.
Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі.
Атап айтқанда, бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінеді.
Көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлінеді.
Ең алдымен, шағын және орта шаруа қожалықтарына қолдау көрсеткен жөн.
Сонымен қатар, Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді.
Осыны қамтамасыз ету үшін 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатын болады.
«Жалпы, осы айтылған шаралар қазіргідей күрделі кезеңде азаматтар мен отандық бизнесті қолдау үшін керек. Мұның барлығы коронавирус індетінің залалын тезірек жоюға әсер етеді деп сенемін!» - деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесін аяқтады.