Білім және ғылым

Қашықтан оқу қалай жүзеге асып жатыр: Студент не дейді?

Онлайн білім

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы профессор, филология ғылымдарының докторы Қосымова Гүлбану Сейілбекқызы «Қазақ тілінің тарихи граматикасы» пәнінен студенттерге қашықтан оқыту енгізілген күннен бастап жаңа технологияларды тиімді пайдаланып сабақ беріп келеді. Студенттер қатарында болғандықтан мен де  бұл сабаққа қатысамын. 

Бірден қашықтан оқуға үйреніп кету қиынға соқты, дегенмен педагогикалық шеберлігі мығым, кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан Гүлбану Қосымова сияқты оқытушылардың арқасында бұл қиындықты да еңсеріп келеміз.«Қазақ тілінің тарихи граматикасы» пәнінен  дәрісті ZOOM платформасы арқылы видеоконференция түрінде қосымша көрнекі құралдарды пайдаланып өтеміз. Алайда ZOOM платформасының бір уақытта мыңдаған аккаунтты қабылдай алмауы, жеке деректердің құпиялылығының сақталмауына байланысты семинарды универ жүйесіндегі «Дистанционное курсы» деген нұсқаулыққа хабарлама ретінде жібереміз. Енді қашықтан оқытудың тиімді жақтарын тізбелеп көрсек:

1. Қашықтан оқыту жүйесі жаңа технологияның əдістемесін меңгеруге мүмкіндік береді;

2. Кері байланысты жүзеге асырудың тиімді жолдарының бірі;

3. Қазіргі қиын жағдайда сабақтың сапасын  төмендетпей арттыруға мүмкіндік береді;

4. Цифрлық технологияның оқу жүйесіне кеңінен енуге жағдай жасайды;

5. ЖОО-ның білікті оқытушылары қашықтан оқытудың тиімді əдістерін пайдаланып, сын сағатта шеберлігін шыңдап жатыр

6. Сабақты жинақы, ұйымдасқан түрде өткізіп жатыр;

8. Уақытты дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді, керек уақытта оңай қосыла аласыз;

Қашықтан оқыту жүйесі енді ғана қолданылып жатқандықтан  қиындық тудыратын тұстары да жоқ емес. Мәселен, жанды байланыс өте әлсіз болғандықтан өтіп жатқан сабақ тақырыбы өз дәрежесінде меңгерілмейді. Студенттер қашықтан оқытуға еліміздің әр түкпірінен қосылады, кейбір ауылдық жерлерде байланыс нашар болғандықтан сабаққа уақытында қосыла алмайды. Аптаның кей күндері компьютер алдында ұзақ отыруға тура келеді, ал шамадан тыс қолдану адам денсаулығына зиян тигізеді.

                                                         Нысанғалиев Данияр Дидарұлы

                          Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 3 курс студенті