Көзқарас

Карантиннің адам психологиясына әсері

Карантиннен кейін өмір қалай өзгереді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Карантин әркімге түрліше әсер етуде. Адам кез келген нәрсеге үйренуі үшін жағдайды толық қабылдау керек. 

Уақытты  тиімді пайдалану өз еркімізде, әрине.  Дегенмен онлайн өмірдің  көз бен омыртқаға залалы, күйзеліске түсуге ықпалы көп. 1 ай көлемінде торда отырғандай күй кешу сынаққа ұқсайды. Осындайда бізге мықты психика мен иммунитет ауадай қажет. 

Әсіресе, жұмыс істеп, шапқылап жүріп үйренген адамдар карантин кезінде үйде отырып, стреске ұшырап жатыр. Оған қоса, теледидар мен әлеуметтік желі толған негатив ақпарат. Неліктен? Себебі адамдар арасында қарым-қатынас азайғанда сезімталдық төмендейді. Сезімталдық төмендеген жағдайда психикалық денсаулығымызға нұқсан келеді. Сондықтан эмоцияларға емес, тұжырымдарға, дәлелдерге, фактілерге назар аудару керек. Байбалам салғаннан гөрі нақты сандар мен статистикалық есептеулер жасау бізге әлдеқайда тиімді. Егер барлық адамдар бұл індет туралы өздерінің субъективті негізсіз пікірлерін білдіретін болса, онда бұл одан сайын алаңдаушылықты тудырады. 

Белгілі психотерапевт Вахтанг Джапаридзе карантиннің мінез-құлықтық аспектілері жөнінде өз көз-қарасымен бөліскен болатын. Оның айтуынша, тиісті іс-шаралар аясында адам ең алдымен өз өмірінде болып жатқан жағдайды бақылау қабілетін жоғалтады, ең бірінші реакция мобилизация болып табылады. Бұл әрқашан өзінің жақын болашағын қорғауға бағытталған әрекеттен көрінеді. Сондықтан дүкендерде кезектер пайда болды. Біреулерде мобилизация тонусының жоғарылауымен және оң эмоциялардың өсуімен көрінді.

Карантиннің де пайдасы бар. Яғни, отбасылық құндылықтарға көбірек мән беруге уақыт бар. Ал, пандемия деп үрейге салынғанша, адам өзін-өзі дамытқаны дұрыс деп ойлаймын. Карантин адамдардың үйде отырып өзіне, жан дүниесіне үңілуге берілген жақсы мүмкіндік.  Позитивті ойлап, рухани дамуға, құндылықтарды қайта саралап шығуға карантин тиімді. Ол үшін кітап оқу, сурет салу сияқты арт-терапиялар жақсы көмектеседі.

Ал осы шектеу шараларының нәтижесінде біздің өміріміз қалай өзгереді? Қалыпты өмірге оралғаннан кейін бізді алда не күтіп тұр? Осы сұрақ төңірегінде түрлі көзқарас бар. Мәселен, «карантин осы мамыр айының соңына аяқталуы мүмкін" деген көзқарасты алсақ, осы аз ғана уақыт аралығының өзінде біздің өміріміз айтарлықтай өзгереді. Тіпті, өздігінен өзгереді.  Егер карантин ұзаққа созылатын болса, онда адамда тежеу пайда болады және адам өз әрекеттерінің салдарын барабар болжау қабілетін жоғалтады. Алдымен аздап қана, біртіндеп тіпті қисынсыз іске баруы мүмкін, мысалы, карантин орнына енуі ықтимал. Өзімізге пайдалы нәрселерді жоғалтудың салдарынан жағдайға бейімделуіміз төмендейді. Бұдан әрі қоғамда тәртіпсіздік басталады. Өз іс-әрекетінің салдарынан адам әлеуметтік жауапкершілік, қауіпсіздік, өзін-өзі сақтау, жақынға қамқорлық сезімінен айырылады. Және алкоголь, есірткі, уытты заттар арқылы өзін-өзі бүлдіру орын алады.

Сонымен бірге, цифрлық аутизм белгілері артады. Цифрлық аутизм кезінде адамдар бір-біріне ұзақ уақыт психологиягиялық байланыс орната алмайды. Олар басқа адамның жан дүниесіне қызықпайды, әр адамның жеке құндылық екенін түсінбейді. Сіздер бұл жаңа цивилизация жаңа әлем, біз оған көндігуіміз керек дейтін боларсыздар. Бірақ бір зерттеуде егер сіз телефоныңызда 2,5-3 сағаттан көп отырсаңыз, сіздің депрессиялық ойлау көрсеткішіңіз қатты көтерілетінін айтқан. Әлеуметтік желілер,расында, күйзелтеді.  Оған қоса, әлеуметтік қарым-қатынас  құрылымында да өзгерістер болып жатқанын аңғарамыз. Басқарудың вертикалды жүйесі жойылып, горизонталды қоғамға өту оқу дағдыларын жоғалтып, нашар оқи бастауымызға әкеліп соқтырды. Танымдық дағдылардың төмендеуі үлкен  мәселеге айналды. Ал, осындай сәтте медитация мен саналылық қарым-қатынастың сапасын жақсартуға мүмкіндік берері анық. 

Әлеуметтік оқшаулану ,жалпы карантин адам психологиясына кері әсер ететінін айтып өтті. Өйткені, адамдар әдеттен тыс өмір салтына көшкенде адамда паника мен үрей пайда болады екен. Мұндай процестің болуы да заңды. Әйтсе түрлі факторлар мазасыздық пен күйзеліске әкеліп соқпауы үшін адам сол қалпын саналы түрде қабылдап, жағдайдың жақсы жағын көруге ұмтылуы керек.