Шымкент

Шымкенттік еріктілер мұқтаж жандарға көмек көрсетуде

Жанға жылу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкенттік еріктілер коронавируспен күресте өз үлестерін қосып, белсенділік танытуда. Бұл ретте еріктілер қала тұрғындарына 25 мыңға жуық бетперде мен балаларға арналған 1 000 аскорбинді қышқыл дәрумендері мен антисептик таратты.


Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында бұған дейін әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға тұрмысқа қажетті 500 себет азық-түлік өнімдері мен 300 отбасыға киім-кешек үлестірілген.

Бірқатар қайырымдылық қорлары тарапынан 1 тонна тауық еті мен 100 отбасыға азық-түлік себеті таратылып, 4 отбасыға теледидар берілді.

Сонымен қатар, еріктілер жылына орай 500 волонтерды оқудан өткізіп, арнайы киім үлгісімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.