Hi-Tech

Youtube: Карантин кезінде канал ашуға 3 себеп

Ютубтан канал ашу сіз ойлағаннан да оңай екенін білесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Youtube - әлемдегі ең үлкен видео қоры бар видеохостинг және бизнеске таптырмас құрал екенін менен жақсы білесіздер. Бірақ, бұл мақала сізге қызық болуы үшін не істеуім керек? Дұрыс айтасыз, сіз бен мен секілді қарапайым адамдарға ютубтан канал ашудың пайдалы тұстары керек.

Қысқа қайырайын. Оңай, еңбек, монетизация.

1-себеп: Ютубтан канал ашу оңай

Ютубтан канал ашу сіз ойлағаннан да оңай. Бар жоғыgmail.comсайтында аккаунт ашасыз. Бітті. Сіздің потенциалды каналыңыз бар. Бәрі солай оңай болса, неге адамдар канал ашуға ұмтылмайды дейсіз. Оған 2 жағдай кінәлі. Атап айтсақ:

А) Адамдар білмейді.

Иә, білмеу деген жаман нәрсе. Көпшілік, шынымен де, ютубтан канал ашуды, оны қолдануды, видео жариялауды, ақша табуды білмейді. Білмеген құр қалады деген осы. Тіпті, қосып айтар едім, білуге де тырыспайды. Себебі, іздеп қараса ақпарат деген интернетте жетіп артылады. Өз обалдары өзіне дейік, те келесі жағдайға көшейік.

Б) Адамдар тым көп біледі.

Білмеу үлкен проблема болса, көп білу де адамға зиянын тигізеді. Түсіндіре кетейін. Мысалы, сіз азық-түлік дүкенін ашпақшысыз. Алайда, сіз тұрып жатқан жерде кемі 3 дүкен бар. Әрқайсысын танисыз, кіріп сауда жасағансыз, табысты екендерін білесіз. Басыңызда тым көп ақпараттан ол жайлы, сіз, тіпті, тырысып та көрмейсіз. Солайша, табыстан, кәсіпкерліктен, тіпті, арманыңыздан айырыласыз.

Алайда, интернет ұсынатын мүмкіндіктердің жөні бөлек. Сіз ютуб канал ашып әлемге танылып кете аласыз (мысалы,JustinBiber). Бірақ, басыңызда тым көп білім болғандықтан, нақтырақ айтсақ, керек емес білім, сіз мүмкіндіктеріңізді жіберіп аласыз.

Канал ашу техникалық жағынан өте оңай және қолжетімді. Ал оған керек машықтарды (навык) үйрену көп уақыт алмайды. Егер арманыңыз ән айту, өз кәсіби ойыңызбен бөлісу (блогер), интернет-шоу жасау болатын болса, алғашқы қадамыңызды ютуб канал ашудан бастаңыз.

Карантин кезінде уақыт жоқ деп айту әдепсіз себеп болар=)

2-себеп: Ютуб каналға еңбек керек

Канал ашу оңай екенін түсіндік. Бірақ, оны тұрақты, әрі қызық етіп жүргізу қара еңбекті керек еді. Маған сеніңіз, әжептәуір, маңдай терді төгесіз деп сөз бере алам. Дәл, осы қадамда көп адам жеңіліп, тастап кетеді. Сіз мақаланы жауып, қашып кетпей тұрғанда, сізге не істеу керек болатынын бір айтып өтейін:

- қызықты идея ойлап табу;

- канал атын ойластыру (нейминг);

- идеяға байланысты контент жоспар құру;

- видеоға сценарий жазу;

- камера алдында сөйлеу өнерін меңгеру;

- видео түсіру;

- видео монтаждау;

- аудио монтаждау;

- видеоға, каналға обложка жасау (дизайн);

- видеоны дұрыс жариялау (кілтсөздер, оптимизация);

- видеоны тарату(продвижение);

Карантин кезінде қолыңызда бар телефонмен видео түсіруге уақыт жетерлік. Оның үстіне, қазір көпшілік үйінде немен шұғылданарын білмей отыр. Өзіңіздің көптен бері іске асырғыңыз келіп жүрген идеяны алып, 20-30 тақырып жазыңыз. Сол бойынша видеолар түсіріңіз.

Есіңізде сақтаңыз, 1000 шақырымға баратын жол, 1 қадамнан басталады.

3-себеп: Ютуб монетизациясы

Осы жерге дейін жеткен оқырманға тұрып, екі қолмен шапалақтаймын. Сіздер, ең шыдамды екенсіздер. Монетизация тақырыбын барынша ашып берейін.

Монетизация деген жалпы ұғым. Ал, оның ютубтағы мағынасы – видеоларыңыздың ішінде коммерциялық қаралымдар болғаны үшін сізге төленетін сыйақы. Қарапайым қайырсақ, монетизация деген тиын істеу. Енді, ютуб канал ашсаңыз, одан қалай тиын істей аласыз:

- каналдағы ресми монетизация. Белгілі бір шарттардан кейін қосылады. Түсетін пайдасы салыстырмалы түрде әр1000 қаралымға $0,3-$0,5төленеді;

- каналды кейін сата аласыз. Мысал берейін: бір таныс ютуб маман жақында 120 000 оқырманы бар каналды750 000 мыңғатенгеге сатты.

- каналда басқа компаниялардың, қызметтердің жарнамасын ақыға жариялай аласыз. Салыстырмалы түрде ютубтаAveAdikusдеген канал 60 000 мың қолданушысы бар кезінде жарнамасы25 000 теңгеболған;

- өзіңіздің немесе басқа адамдардың тауарларын жарнама жасап сата аласыз;

Карантин уақытында канал ашуға арналған 3 себеп осы. Каналдарыңыз подписчиктерге, ал видеоларыңыз қаралымға толсын. Әумин!