COVID-19

Карантин жеңілдетілді: Германияда коронавирусты жұқтырғандар көбейді

Германияда карантин режимі жеңілдетілген кейін коронавирус өршіп кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

6 мамырдан бастап Германия билігі карантин режимін жеңілдетті. Осыдан кейін елде коронавирусты жұқтырғандар саны артып кеткен. Бұл туралы Euronews агенттігі хабарлады.

Роберт Кох институтының мәліметі бойынша, базалық репродуктивті көсреткіш R 1,1 деңгейден жоғары болды. Бұл 10 науқас енді 11 адамға жұқтыратынын көрсетеді.

Бұрын көбею жылдамдығы бірліктен аз болған. Елде коронавирус 169 мыңнан астам адамнан анықталды. COVID-19 вирусынан 7 395 адам қайтыс болып, 144 000 адам емделді.

Соңғы күндері Солтүстік Рейн-Вестфалия және Шлезвиг-Гольштейн федералдық жерлеріндегі ет комбинаттарында инфекцияның өршуі байқалады. Билік осы кәсіпорындарды жабуға мәжбүр болды.

6 мамырда Германия канцлері Ангела Меркель мен 16 федералды штаттың билігі шектеу шараларын жеңілдету туралы келіскен болатын. Алайда үкімет басшысы инфекцияның жаңа ошақтары байқалатын аймақтар карантиндік режимге оралатынын айтты.

Осыған орай елде пандемияға байланысты шектеу шараларына наразылықтар өтті. Штутгартта болған демонстрацияға қатысушылар олардың бостандығына қауіп төніп тұрғанын және коронавирусқа байланысты қауіп-қатерлердің бос дақпырт екенін айтып жатыр.