Білім және ғылым
Табиғат лирикасы
Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңіне әдеби-теориялық талдау жасау. Оқушылар мен студенттерге көмек.
Қыс
Ақ киімді,/ денелі,// ақ сақалды,/// 11 б.а
Соқыр, мылқау,/ танымас// тірі жанды./// 11 б.а
Үсті-басы/ ақ қырау,// түсі суық,/// 11 б.б
Басқан жері/ сықырлап,// келіп қалды./// 11 б.а
Дем алысы –/ үскірік,// аяз бен қар,/// 11 б.а
Кәрі құдаң –/ қыс келіп,// әлек салды./// 11 б.б
Ұшпадай/ бөркін киген// оқшырайтып,/// 11 б.в
Аязбенен/ қызарып// ажарланды./// 11 б.б
Бұлттай/ қасы жауып// екі көзін,/// 11 б.а
Басын сіліксе,/ қар жауып,// мазаңды алды./// 12 б.б
Борандай/ бұрқ-сарқ етіп// долданғанда,/// 11 б.в
Алты қанат/ ақ орда// үй шайқалды./// 11 б.б
Әуес көріп/ жүгірген// жас балалар,/// 11 б.а
Беті-қолы/ домбығып,// үсік шалды./// 11 б.б
Шидем мен тон/ қабаттап// киген малшы/// 11 б.в
Бет қарауға/ шыдамай// теріс айналды./// 12 б.б
Қар тепкенге/ қажымас// қайран жылқы/// 11 б.а
Титығы/ құруына// аз-ақ қалды./// 11 б.б
Қыспен бірге/ тұмсығын// салды қасқыр,/// 11 б.в
Малшыларым,/ қор қылма// итке малды./// 11 б.б
Соныға/ малды жайып,// күзетіңдер,/// 11 б.а
Ұйқы өлтірмес,/ қайрат қыл,// бұз қамалды!/// 12 б.б
Ит жегенше/ Қондыбай,// Қанай жесін,/// 11 б.в
Құр жібер/ мына антұрған// кәрі шалды./// 12 б.Б
Тақырыбы: қыс мезгілі
Идеясы: қыс мезгілін суреттеу
Жанры: табиғат лирикасы
4 тармақтан құралған 6 шумақты өлең; 10-11-12 буын; 3 бунақ; қара өлең ұйқасы(ааба) және кезекті ұйқас(абвб) қолданылған.
Ұшпа – шоқ-шоқ болып жөңкіген бұлт.
Шидем – жүннен тоқылып істелетін жылы сырт киім.
Соны – бұрын таныс емес, жаңа, тың жер.
Өлеңде қолданылған көркемдік тәсілдер:
1) Ажарлау:
а) Теңеу: ұшпадай, бұлттай.
ә) Үшінші шумақта «Б» әрпінің аллитерациясы.
2) Құбылту:
а) Кейіптеу: қыс мезгілін кәрі шалға теңеген.
ә) Метафора: Демалысы – үскірік, аяз бен қар.
б) Синегдоха: Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр.
в) Гипербола: Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
3) Айшықтау:
а) Инверсия: Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып.
Бұлттай қасы жауып екі көзін.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр.
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.