Саясат

Тоқаев Алматыға не үшін келді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға не үшін келгені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

Мемлекет басшысын әуежайда Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев күтіп алды.

Берік Уәлидің айтуына қарағанда, мемлекет басшысы сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысанының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады.

Сонымен қатар президент коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады.

Оның баспасөз хатшысының айтуына, ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді.