ДДҰ: Коронавирус ешқашан жоғалмауы мүмкін  - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

COVID-19

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшілері коронавирустың жаңа түрі “ешқашан жоғалмауы мүмкін” және СПИД ауруын тудыратын HIV сияқты тұрақты түрде кездесетін вирусқа айналуы ықтимал дейді. ДДСҰ ұйымының төтенше жағдай жөніндегі директоры Майкл Райан 13 мамыр күнгі онлайн брифингте осылай деп мәлімдеді.

“Мұны бірден ашып айтқан дұрыс: бұл вирус өзге жұқпалы вирустар сияқты тұрақты вирусқа айналуы мүмкін, ешқашан жойылмауы мүмкін” деді Райан.

Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцина шығарылған күннің өзінде вирусты тежеу үшін көп күш-жігер қажет болады.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар 4,3 млн адамға жетті, коронавирустың жаңа түрінен 300,000 адам қайтыс болды. Індеттің қайта өршу қаупіне қарамастан Еуроодақ біртіндеп шекараларын ашуға талпынып жатыр. Еуропаның басым бөлігінде індеттің беті қайтқанмен әлемнің өзге бөлігінде індеттің өршуі байқалады. Бразилия мен Ресейде коронавирус жұқтырғандар көбейген. Қытай індеттің екінші толқынынан қауіптеніп отыр. АҚШ-та денсаулық сақтау саласы мамандарының ескертуіне қарамастан губернаторлардың жартысынан көбі штат шекараларын ашты.

Азаттық радиосы 

0 Пікір Кіру