COVID-19

Біртанов: Қазақстанда вакцинация мәжбүрлі болмайды

Біртанов вакцинацияның мәжбүрлі түрде болмайтынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Денсаулық сақтау туралы жобаның қабылданғанын айтып, балаларды вакцинациялау жайлы нормаға қатысты пікір білдірді.

Министрдің айтуынша, елде вакцинация мәжбүрлі түрде болмайды.

"Қазақстанда вакцинация мәжбүрлі түрде болмайды! Бүкіл әлемдегідей бізде де ерікті түрде жасатуға болатын және міндетті вакцинациялар болады. Бірақ әр жағдайда ата-ана өзі шешеді, одан келісім алынады не болмаса бас тартатынын айтады! Вакцинация жасалмаған балалардың құқығына шектеу қоятын ешқандай норма жоқ! Тек бір норма бар, ол ұжымдық иммунитет, яғни балабақшаға баратын барлық баланың денсаулығын қорғайтын иммунитет", - деді министр.

Министрдің айтуынша, былтыр Қазақстанда 4,8 миллион балаға вакцинация жасалса, 6003 балаға вакцинация жасалмаған. Бұл балалардың тек 0,12 пайыз үлесі болып тұр.

tengrinews.kz