COVID-19

Коронавирустың екінші толқыны бұдан да қауіпті болады - ДДҰ

ДДҰ Еуропа елдері коронавирустың екінші толқынына дайын болуы керек екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуропа елдеріне коронавирустың екінші толқынына дайындалған жөн. COVID-19 күзде немесе қыста қайта тарайды. Бұл туралы ДДҰ Еуропалық өңірлік бюроның директоры Ханс Клюге айтты. Ал ақпаратты The Telegraph бөлісті.

Клюгенің айтуынша, коронавирустың екінші толқыны бұдан да қауіпті және ол кезде өлім саны қазіргіден көп болады.

Сондай-ақ ол Еуропа елдерінен шыққан эпидемияның Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстанға дейін жеткенін ескертіп өтті.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 5689-ге жетті, айыққандардың саны - 2531, қайтыс болғандар - 34.

tengrinews.kz