Зерттеу жүргізілді: Ғалымдар коронавирусты қолдан жасады... - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Ғалымдар коронавирусты қолдан жасады ма?

Халықаралық ғалымдар тобы кері генетика әдісі арқылы SARS-CoV-2 жасады. Бұл туралы Lenta.ru Cell журналына сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, коронавирус жасанды әдіс арқылы дайындалған, бірақ ол табиғи коронавирустың толық көшірмесі.

Ғалымдардың айтуынша, олар үлгі ретінде АҚШ-та алғаш тіркелген науқастың жағындысынан бөлінген вирустың штамын алған. Аспаптағы вирус инфекциямен күресте маңызды рөл атқарады екен. Мамандар қолдан жасалған SARS-CoV-2 вирусын тышқандарға салып, өте тиімді дәрілерді сынап көруді жоспарлап отыр.

Мәскеу физика-техникалық институтында геном инженериясы лабораториясының жетекшісі Павел Волчковтың айтуынша, кері генетика әдісі арқылы вирусты қайта құрастыруға, сондай-ақ оның құрамында не бар екенін анықтауға болады.

tengrinews.kz

0 Пікір Кіру