Шымкент: 7 мыңнан астам нысан жұмысын қайта бастады - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Карантин

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов өзінің Facebook әлеуметтік желісінде жариялады.

Бүгінде Шымкент қаласында жұмысын қайта бастаған кәсіпорын нысандарының жалпы саны шамамен 7 мыңнан асып отыр. Олардың басым көпшілігі шағын және орта бизнес субъектілері.

Мәселен, 30 - сауда базарлары, 221 - 500 шаршы метрден жоғары барлық бағыттағы дүкендер мен сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары, 80 фотосалон, 158 медициналық орталық, 273 стоматологиялық клиника, 20 жарнама агенттіктері мен 20 жылжымайтын мүлік агенттіктері, 120 жеке кабиналары бар моншалар, 60 үй жануарлары мен гүл сататын дүкендер және 263 автожуу, май ауыстыру, техникалық қызмет көрсету станциялары. Келіп түскен өтініштердің көрсеткіші бойынша қазір қалада 166 679 адам жұмысына қайта кіріскен.

Сондай-ақ, Мақсұт Пернебайұлы қалада бірқатар шектеулер алынғанымен төтенше жағдай режимі 25 мамырға дейін жалғасатынын айтқан.

- Халыққа қызмет көрсететін барлық нысан өкілдерінен барынша санитарлық талаптарды қатаң ұстануын, қауіпсіздікті басты назарға алуын сұраймын. Қала тұрғындарын да бетперде мен антисептик пайдаланып, қоғамдық орындарда арақашықтықты сақтауға шақырамын, - деп мәлімдеді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов.

0 Пікір Кіру