Weekend
«Бірдеңе айтпас бұрын екі рет ойлаңыз, өйткені сіздің сөздеріңіз тыңдаушылардың санасына сәттілік немесе сәтсіздік алауын жағуы мүмкін»
Сәттілікке қалай жетуге болатыны туралы жүздеген кітаптар мен мақалалар жазылды. Бірақ Наполеон Хилл, «Ойла және өс » журналының авторы ең жақсы кеңестердің бірімен бөлісті: «Бірдеңе айтпас бұрын екі рет ойлаңыз, өйткені сіздің сөздеріңіз тыңдаушылардың санасына сәттілік немесе сәтсіздік алауын жағуы мүмкін».
Бұл ереже қарапайым сөйлесу кезінде сізді танымал және құрметті етеді.
Сөйлеу тәсілін дұрыс пайдалана білсек үлкен пайда әкелуі мүмкін:
1.Басқалардың сөзіне бөгет жасамаңыз
Әңгімелесушімен сөйлескен кезде сөзін бөлсек құрметсіздігімізді білдіреміз. Егер біз оның не айтатынын білетіндіктен үзіліс жасасақ,ол өзін ыңғайсыз және артық адам ретінде сезінуі мүмкін.
Жауаптан тартынған кезде, біз сұхбаттасушыға оның пікірінің бізге маңызды екенін білдіреміз.Құрмет көрсетеміз.
2. Мақсат болуы керек
Көптеген адамдар іскери келіссөз кезінде Майкл Мастерсон сипаттаған «Мақсатсыз ату» әдісін қолданады (яғни олар ойланбастан сөйлейді). Дегенмен, әр әңгімеде нақты мақсат болуы керек, әсіресе бизнесте.
3. Сізге өз ойыңызды айту оңайырақ
Көптеген адамдар сөздерді байланыстырушы буын ретінде қолданады («сияқты», «а ...», «түсіну»). Бұл келесі сөйлемді ойлауға бөгет жасайды. Қарсыласыңыздың алдында сенімсіздік тудырады.
4.Ақылды болып көрінесіз
Үздіксіз сөйлейтіндерді және әңгімелесушіні тыңдамайтындарды ешкім құрметтемейді. Тоқтау салып сөйлесеңіз олар сізді ақылды санайды, сөздеріңізді тыңдайды.
Бұл әдістер сізге жұмыста көбірек құрметке ие болуға ғана емес, сонымен бірге жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі.Қорыта келе, сөйлер алдында не айтатыныңызды ойлансаңыз сүйіспеншілік пен құрметке ие боласыз.Кез-келген қарым-қатынаста өте маңызды әдіс.