Білім және ғылым

Жылдам оқуды кезкелген тұлға меңгереді

Шульте кестесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кітап оқу барысында әр сөзге қайта-қайта тоқталып, не оқығаныңызды ұмытып қалатын кезіңіз болды ма?

Ендеше кітап оқымас бұрын мақсат қойыңыз. Кітап сізге не үшін керек? Сізге қаншалықты пайдалы? Неге бұл кітапты таңдадыңыз? Алдағы уақытта кітаптан қандай білім аласыз? Осы сұрақты өзіңізге қойып, ой жүгіртіп шығыңыз. Мақсатыңызды анықтаңыз. Кітап мазмұнымен танысыңыз. Бұл не жайында оқитыңызды білу үшін. Регрессияға ұшарамас үшін қолыңызға қарындаш алыңыз. Оқу барысында әр сөйлемді қарындашпен жүгіртіп отырыңыз. Ойдың жинақылығына, назардың шоғырлануына көмектеседі. Оқу жылдамдығын тежейтін басты кедергі дыбыстап оқу. Адамның ойы дыбыстап оқығаннан 21 есе жылдам. Осы себепті дыбыстап оқу барысында ойыңыз шашыраңқы болып, оқыған ақпаратты қабылдай алмайсыз. Бұдан құтылу үшін қарындашты ерінге қысамыз. Дыбыстап оқудан арыламыз. Бірінші кедергіден құтылдық. Кітап оқу жылдамдығын арттырғыңыз келе ме? Ендеше іштей сөйлеуден арылыңыз. Кітап оқығанда іштей сөйлеу барынша жылдам оқуға кедергі келтіреді. Одан өзіңізді қадағалау арқылы құтыласыз.

Көп адамдар “жылдам оқуды” тез оқумен шатастырады. Жылдам оқу –ақпаратты жылдам, әрі түсініп оқу. Жылдам оқуды дамытатын негізгі әдіс –Шульте кестесі. Қарапайым адам мәтін оқығанда бір мезетте 10 таңбаға көз салса, жылдам оқитындар 33-85 таңбаға көз салады. “Шульте кестесімен” дайындалсаңыз аздаған уақыт ішінде көру ауқымын кеңейтесіз. Бұған күніге бір сағатыңызды бөлсеңіз болғаны. Шульте кестесі –әр  торда сандардың ретсіз орналасунан құралған кесте.



Кестенің көп таралған түрі 1-ден 25-ке дейінгі сандардың кездейсоқ орналасуынан тұратын, 5 баған мен 5 жолды шаршы. Кестенің ортасында тұрған санға көз алмастан қарап, сандарды бірінен соң бірін ретімен барынша тез табуыңыз керек. Қаншалықты тез тапсаңыз, соншалықты жақсы. Кестемен үздіксіз жұмыс жасап, деңгейін күрделендіре беріңіз. Жаңа деңгейге көтерілген сайын көру ауқымыңыз кеңейе түседі. Және еске сақтау қабілетіңіз жақсарады. 2016 жылы халықаралық деңгейде жылдам оқудан Қазақстанда  жарыс өтті. Жерлесіміз Адина Манатбекова минутына 94000 сөз оқып, оқығаның 100% есте сақтап, бәрін таңқалдырған болатын. Адинаның айтуынша “шульте кестесімен” дайындалғанның арқасында рекорд жаңартыпты. Жылдам оқуды қалыптастырғысы келетіндерге Шульте кестесімен дайындалуға кеңес береді. Күнде Шульте кестесімен дайындалудың нәтижесінде  өзгелер 1 аптада бітірген кітапты 1-2 күнде аяқтайтын боласыз. Біріншіден уақытыңыз үнемделінеді, екіншіден танымыңыз кеңейеді.

Кітапты үздіксіз оқу сізді шаршатуы мүмкін. Сіздегі бар энергияны сақтау үшін памодора әдісін қолданыңыз. Помодоро әдісі кітап оқу барысында назардың тек кітапта болуын қалыптастырады. Сонымен қатар уақыт үнемдеудің таптырмас тәсілі. Назарыңызды бөлетін заттардан барынша арылыңыз.  Таймерді 25 минутқа қойыңыз. Осы уақыт аралығында бар назарыңыз оқыған кітапта болсын. Уақыт аяқталған соң үзіліс ретінде 5 минут тынығыңыз. Сосын қайтадан таймерді 25 минутқа қойып жалғастыра бересіз.

Біз танитын тұлғалар жылдам оқуды меңгерген. “Күйреген империяның” бірінші көсемі Ленин минутына бір беттен оқыпты. Таныстарының айтуынша Ленин кітаптағы дәйек сөздердің астын сызып, кей сөйлемге пікірін қарандашпен жазған екен. Ерекше әсер еткен сөйлемдерді қойын дәптеріне көшіріп, оқығаны жайында конспект жазып отырыпты. Дерек бойынша Лениннің 20 мыңнан астам кітабы болған. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 6 мыңға жуық кітабы болыпты. 1932 жылы НКВД мүшелері бар кітабын тәркілеп алғаннан кейін жинағандары екен. Мәскеу ауруханасында жатқан кезінде операцияға 2 күн қалғанда Т.Ахтановтың “Қаһарлы күндері” мен З.Шашкиннің “Теміртауын” оқып тауысыпты.