Біз алғашқы толқынның ортасында ғанамыз – ДДҰ  - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

ДДҰ коронавирустың екінші толқынына қатысты мәлімдеме жасады

Қазіргі таңда әлем халқы коронавирустың бірінші толқынының ортасына енді келді. Енді вирустың екінші толқыны мен осы толқын жаппай тарайды деген қауіп бар. Бұл туралы ДДҰ Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бағдарламалар директоры Майкл Райан айтты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Қазір коронавирустың екінші толқыны жүріп жатқан жоқ, біз алғашқы толқынның ортасында ғанамыз. Дәл қазір әр елдегі науқастардың саны көп емес. (...) Жаһандық деңгейде айтатын болсақ, COVID-19 бірінші толқыны әлі аяқталған жоқ. Біз дерттің кез келген сәтте асқынып тарап кетуін есте сақтауымыз керек. Қазір қандай да бір қорытындыға келе алмаймыз, қазір науқастар саны азайып жатқанда, біз бірнеше ай екінші толқынға дайындалуымыз керек", - деді Майкл Райан.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8531-ге жетті, 4515 адам вирустан айығып, 35 адам қайтыс болды. Ал әлем бойынша науқастардың саны 5,2 миллионнан асты.

tengrinews.kz

0 Пікір Кіру