МӘДЕНИЕТ
Әдепті адам кім?
Сөз әдебі. Сөз әдебі деген не өзі? Мен бұл сөзге тоқталмай тұрып "әдеп" сөзіне тоқталуды жөн көрдім.
Әдепті адам деп кандай адамды атайды? Әдепті адам деп үлкендердің тілін алатын, сыйлайтын, құрметтейтін, кішілерге әрдайым көмектесетін, қамқор болатын, сабырлы, байыпты, қысқасы жақсы нәрсені ғана істеп, әр нәрсені орынымен дұрыс қолданатын адамды айтады. Демек сөз әдебі деп сөздердің орын-орнымен дұрыс қолданылуын айтсақ та болады.
Cөз әдебінде дұрыс сөйлеп, жазу үшін не істеу керек? Сөз әдебінде дұрыс сөйлеп, жазу үшін әдеби тілдің лексикалық және грамматикалық нормаларына бағына отырып тек сыпайы сөзерді пайдаланып бір тілде сөйлеп, жазу керек, теңеулерді дұрыс пайдаланып, жаргон сөздерді сөйлеу, жазу барысында қоспау қажет. Егер адам осы айтылған ережелерге сай сөйлеп, жазар болса онда ол адамдның ойын барлық адам түсінетін болады.
Ал сөз әдебін білмесеңіз сөйлеу, жазу барысын жаргон сөздерді қолдансаңыз мейлі есепші болыңыз, мейлі бизнесмен болыңыз, мейлі дәрігер болыңыз, сіз кез келген ортада немесе өте маңызды келіссөзде болсаңыз тыңдап, оқып отырған адамдар сізді қате түсініп немесе мүлдем түсінбеуі мүмкін. Мұндай жағдайда ол адамдардың сізге деген жақсы көзқарасы өзгеріп табысыңыз төмендеп, шығынға ұшырайсыз.
Қазіргі кезде сөз әдебінде дұрыс сөйлеп , жазатын адамдар азайып кетті. Бұған кала, ауыл көшелеріндегі жарнама тақтайшаларында, дүкен, шаштараз, ойын сауық-сауда орталықтарының аттарында жиі кездесетін қателер дәлел. Тіпті әлеуметтік желілерде қазақ бола тұра қазақ әріптерін қадануды ұмытқан қазақ жастары көбейді. Қазақ әріптері біртіндеп сөздерден түсіп қала бастады. Осындай кішігірім қателердің кесірінен жас балалар қате сөздерді тура қабылдап қателесіп жатыр .
Бұл қателіктерді түзету мақсатында тіл мамандары, мектептерде қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қарқынды жұмыс істеуде. Алайда бұл қателіктер көбеймесе азаяр емес. Бұған себеп туған тілін құрметтемейтін рухсыз жастардың көбеюі.
Бұл олқылықтардың орынын толтыру үшін менің осындай ұсынысым бар, егер кез-келген оқу, жұмыс орындарына қабылдау сынақтарына міндетті түрде қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерінен эссе жазуды қосар болсақ тек сонда ғана еліміздегі оқу, жұмыс орындарындағы бәсекелестікке қабілеттілігі қарқынды дамыр еді.
Әдеп - сыйластық пен табыстың кілті сондықтан әрдайым сөз әдебін сақтап жүрейік!