Саясат

Қытайдағы қазақтар елге келсе

Елге ел қосылса - құт

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ел дамуының негізгі са­ласы – демография. Қазір, Аллаға шүкір, елі­міз тұрғындары 18 миллион­нан асып, 19 мил­лионға бет ал­ды. Әйтсе де осынау ұшқан құстың қанаты талатын кең-байтақ жерді жиыр­ма миллионға жетпейтін халық­пен еркін игере аламыз ба? Посткеңестік көршілерімізбен салыстырғанда сандық өсі­міміз де төмен көрсеткіш байқалады. Мы­салы, 1967 жылы  Қазақстанда 12,4 миллион, Өзбекстанда 10,8 мил­лион халық болған екен. Арада елу жыл өткенде, яғни, 2017 жылғы есеп бойынша Өзбекстан халқы 34 миллионға жақындап, үш есеге көбейіпті. Түрікменстан, Тәжікстан,  Қырғызстан  халқы да үш есе өскен. Өкінішке қарай, біз бар болғаны жарты есе ғана өсіп, 18 миллионнан  әрең асып отыр­мыз. 

Тұрғындар саны өспеуіне тағы да бір себеп – елді тастап шетке кө­шушілер көп. Айталық, кейінгі 10 жылда елімізден 324 мың адам сыртқа көшкен. Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарының саны 50-ге жетпейтін 100 елдімекен бар екен. Олар бүгін болмаса ертең жабылады, тіршілігін тоқтатады деген сөз. Иен даланың елсіз құты кірмес. Сондықтан халық санын көтеру - күн тәртібіндегі негізгі мәселе. Демографияны тез дамытудың негізгі тетігі - шекара сыртындағы қазақтарды атамекенге ағылту. Қандастардың ең көп бөлігі Қытайда. Қазір Қытайдағы қазақтардың жағдайы «жақсы емес» екені айтылып та, жазылып та жүр. Осындай аласапыран кезең, алмағайып заманда қолтықтарына сүйеу, жандарына демеу болсақ, «У ішсек те руымызбен ішейік» деп, үдере жолға жиналар.

Елбасымыз Дүниежүзі қазақтарының Ү құрылтайында «Отандастар» қорын құрып еді. Алдағы уақытта «Отан­дастар» қоры мен Дүниежүзі Қазақтарының қауымдастығы бірлесіп қазақтың осы көшін көлікті етеді деген үмітіміз бар.