Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ширек ғасырды артқа тастап, Тәуелсіз еліміздің жаһандану дәуіріндегі кеңістігіміздің рухани дамып, жаңа бастамалар көтеріп, жаңару, жаңғыру мақсатында жарияланғаны баршамызға мәлім.
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтуы бойынша, бұл мақала ел дамуының жарқын үлгісін көрсетіп, нақты қадамдарды батыл шешімге айналдырған маңызды құжат. Бұл жаңғырудың әр азамат үшін ең басты шарты - ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғырудың құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы қасиеттеріңнен айырылып қалмау өте маңызды. Мақалада Қазақстандықтар үшін өзгермейтін екі ереже бар және сол ережелерді түсініп байыбына бару міндетті.
Біріншісі - атап өткендей "ұлттық код", яғни ұлттық мәдениет сақталмаса, тарихты ескермесек ешқандай жаңғыру болмайды. Бұл құлдырауға әкеліп соғады.
Екіншісі - алға басып, өсіп-өркендеуімізге кедергі болатын өткен шақтың кертартпа тұстарынан бас тартуымыз қажет. Міне осы екі ереже талаптары орындалса дамыған елдердің қатарында боламыз.
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуын көздейтін "Рухани жаңғыру" мақаласы төл тарихымыздың бір бөлшегі іспеттес. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ: "ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен" жерімізді, елімізді жаудан қорғап, халқымыздың амандығын тілеген ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолы осыған дәлел.
Санамыздың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді. Біріншіден, жер шарында не болмаса өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, дамыған заманда жаңа технологиялардың алып келетін үлкен өзгерістеріне дайын болуымыз керек. Осы онжылдықта жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана барлығы түбегейлі өзгереді.
Үшіншіден, өзгелердің тәжірбиесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.
Бұл жоба үш мәселені шешуге бағытталғаны жөн.
1. Ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту.
2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиалық алаңын қалыптастыру.
3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.
Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» бөлімі 2019 жылдың сәуірінде құрылды. Содан бері жасалынып келе жатқан іс-шаралар өте көп.
Осыдан 5-6 жыл бұрын «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық саяси газетінің бас редакторы Абай Балажан мырза бастаған «Жақсылар дастан айтайын…» деген батырлар жырын жатқа айтуды ұйымдастырған облыс көлеміндегі жыр сайысы бүгінде республика көлемінде арнайы бағдарлама аясында іске асып жатыр. Сонымен қатар жоғары сынып оқушылары арасында «Оңтүстік стартап – 2020» үздік жобалар конкурсы жоспарланған еді. Қаладағы 40-тан астам мектеп бұл конкурсты ойдағыдай өткізді. Барлығы жақсы болса, жаңа оқу жылында үздік жобаларды марапаттап, стартап жобасы негізінде оқушыларға көмек береміз, - дейді Зәуре Оралбаева өзінің сұхбатында. Шымкент қаласында атқарылып жатқан тағы да басқа іс-шаралар өте көп. Соның ішінде осыны атап өттім. Тек бұл қалада ғана емес басқа қалаларда да "рухани жаңғыру" бойынша түрлі мерейтойлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер әлі күнге дейін өткізіліп, тоқтар емес.
Қорытынды
Елбасымыздың кезекті жолдауы өте ерекше, ұтымды ой-пікірлерге толы, рухани дамып, өсіп-өркендеуімізге бірден-бір себепші жолдау болды. Тура жолды көрсетіп, болашаққа нық қадам басуға дара жол көрсетті. Әрбір қазақ менің жалғызым дей келе көрсеткен дара жолдың ізімен жүріп, шыңдалып, биік белестерді бәріміз бірге бағындырайық!!!
Әбдіқадыр Ақниет