Ең төменгі жалақыны аламыз деп, біраз былықтың бетін аштық. Миллиард болса бір сәрі. 19 миллионға жеттік деп жар салсақ та, 8-9 миллион қазақстандыққа карантинде неліктен лайықты көмек көрсетілмеді.
Соңғы екі жылда "Цифрлы Қазақстан" жобасына 41 миллиард теңге бөлінген. Карантиндегі проблемаларға қарап, осынша қаражат бөлінді деуге ауыз бармайды. Ал екінші толқыны басталсашы?! Олқылық қайталана ма, әлде тағы қып қызыл ақша сұрай ма?
Мәселе өзі не де?
Сасқан үйрек артымен жүзеді.
Егов, ЕЦП, ЕСҚ дедік. Артынша, телеграмның не екенін түсінбесе де оны қолданушылар көбейді. Бұл бір ғана 42500 теңгені алу үшін қойылған шарт. Бәрін еске түсірейікші:
Алдымен, 42500-ге өтініш тастадық. Тастаудың өзі инемен құдық қазғандай еді ғой. Желіден бізді лақтырып тастады. Лақтырып тастады.
Қолын бір сілтеп кеткендер де табылды.
Артынан айыппұл деп, алушыдан қайтарушылар көбейді.
2,5 миллион баланың онлайн білім алуына жағдай жасай алмадық. Ақыр аяғы 8-9 миллион халыққа лайықты қызмет көрсетілмеді.
Кім кінәлі?
Сапаға айналмаған сан жеме-жемге келгенде сан болудан қалады. Халқы төрге көтерген министрлер төтенше жағдайда неге елді өрлете алмады өзі? Қатені өздерінен іздемей, неге бір-біріне сілтеп отыр көкелер?
Министрлер сөйлесін:
Асқар Жұмағалиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- "Порталда бір сәтте 15 миллионға дейінгі сұранымдар жасалған кездер болды. Бұл байланыстың баяулығына әкеп соқты!" - деп баяндаған еді.
Цифрлық деген осы екен деп "Zoom" бағдарламасына көштік. Бір саусағы ішінде. Құйтыртқы әрекеті жария болып, ұзаққа бара алмадық.
Самат Нұртаза, саясаттанушы:
- "Неге халқы көп Қытайда, Үндістанда ондай интернетпен проблема жоқ. Ал біз 18 миллион халықпыз. Оның ішінде 2,5 миллион оқушыға интернет тартып бере алмадық. Интернеттің күші, қуаты жетпей қалды. Менің ойымша, жауапты адамдарды тауып, солардан сұрау керек. Себебі, өте көп қауіп жұмсалған".
Айтқым келгені де осы. Карантин өтер, вирус кетер. Ал, қып қызыл ақша бөлінген салаларға салғырт қарағаны үшін біреу жауап беруі керек шығар?
Уақыт емдемейді. Уақыт тек сол жағдайға көндігуді үйретеді.
Таяқтың екінші ұшы да бар
Сенесіз бе?! Екі айда 2 миллион адам kaspi.gold аштырған. Бұл дегеніміз, еліміздегі 12% халықтың цифрлануы.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы негізгі мақсат та осы еді ғой. Дамушы 30 елдің қатарына кіру.
Жоспар бойынша біздер цифрлық сауаттылығы қалыптасқан, дамушы мемлекеттер қатарына 25-30 жыл ішінде ілігуіміз керек еді. Ал мына көрсеткіш шыныменде қуантарлық жағдай. Енді халық кезекте тұрмай, уақыты мен ақшасын шығындамай-ақ үйде отырып кез-келген төлемдерді төлеп қана шектелмей, қалаған қажеттіліктеріне тапсырыс бере алады.