Шымкент: Көпқабатты үйлер маңы күнделікті залалсыздандырылуда - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Шымкент қаласы

Әл-Фараби ауданында дезинфекция жұмыстары қарқынды түрде атқарылуда. Аудан аумағында  жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңдары және 400 ойын алаңдары бар болса, олардың әрқайсысы кезең-кезеңімен пандемияға қарсы дәріленіп жатыр.


Көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары және кіреберістері мен басты көшелерге сенбі, жексенбі күндері де дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

Залалсыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

0 Пікір Кіру