Шымкент

Шымкенттің мегополис атанғанына екі жыл болды

Мәдени астана

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының мегополис атанғанына биыл екі жыл. Осы бір қысқа мерзімде еліміздегі үшінші мегаполисті көркейту мен дамыту жолында ірі жобалар қолға алынып, нақты істер жүзеге асуда.

Былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының төңірегін электр қуаты, газ, ауызсу және жол секілді қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді жүргізу аса маңызды екенін айтқан еді. Өйткені өткен жылы ғана Шымкенттің 2200 жылдың көне тарихы бекітіліп, 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған еді.

2020 жылғы 1 мамырға қаланың халық саны 1047,9 мың адамды құрады және 2019 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 29 мың адамға немесе 2,8% өсті. 2020 жылғы қаңтар-сәуірде халықтың табиғи өсімі 7,1 мың адамды немесе 2019 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 103,9% құрады. Туылғандар саны 8,3 мың адам құрап, 2019 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 0,8% төмендеді. Өлгендер саны 1,2 мың адамды немесе 2019 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 78,5% құрады.

2019 жылғы IV тоқсанда қалада, халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, бағалау бойынша, 77381 теңгені құрап, 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 40,8%-ға, ал нақты ақшалай табыс 33%-ға өсті.

2019 жылғы жалпы өңірлік өнім көлемі (алдын ала деректер бойынша) 2231416 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,2% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 32,1%, қызмет көрсету –  61,5% құрады. 2020 жылғы қаңтар-мамырда қала бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 77156,2 млн. теңге болып, 2019 жылғы қаңтар-мамырға 123,2%  құрады.

Мәдениет. Шырайлы Шымкентте қазір қазақ, славян, неміс, еврей, кәріс, қырғыз, өзбек, қарақалпақ,  әзербайжан, татар, башқұрт, тағы  басқа, барлығы 20 ұлттық мәдени орталық жұмыс істеуде. Жұмат Шанин атындағы қазақ академиялық драма театры, орыс және өзбек драма театрлары, опера және балет театры, сатира және  әзіл-сықақ театры, қуыршақ және жасөспірімдер театры орналасқан. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония жемісті жұмыс істеуде. «Түркістан»  мәдениет сарайы, Қазақстан халқы Асамблеясының ғимараты,  Жастар ресурстық сарайы – мәдени шараларды өткізуге әрдайым дайын.

Франция астанасы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 40-шы Бас конференциясы ортағасырлық Шығыстың ғұлама ойшылы әрі ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдығын және Шымкент қаласының негізі қалануының 2200-жылдығын келесі жылы атап өтетін халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізу жөнінде арнайы қарар қабылдады.

Туризм. 2018 жылы Шымкент қаласының әкімдігі «2018-2020 жылдары қалаға келушілердің санын үнемі көбейтіп отыру» жайлы мақсатты индикатор қабылдаған болатын. Соған сәйкес, 2018 жылы қалаға келген туристтердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 29 пайыз көп болуы тиіс болатын. Ал 2019 жылы – 20 пайыз, 2020 жылы 3 пайызы болуы тиіс. Яғни, келесі жылы Шымкентке, шамамен, 277 мың турист келуі керек.

2019 жылдың алғашқы 6 айының деректеріне сүйенсек, қалаға 111 591 турист келген екен. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,6% көп (2018 жылы – 82 897 адам келген).

2019 жылы алғашқы жарты жылдың ішінде ішкі туризм бойынша 97 мың адам (2018 жылы 74 мың адам) келсе, шетелден 14 мыңнан аса (2018 жылы 8800 адам) туризм Шымкентке келген екен.

«Қазақ туризм» Ұлттық компаниясының хабарлауынша, Шымкент қазіргі уақытта Қазақстанның туристтер келетін жиі келетін мекеніне айнылып отыр әрі соңғы он жылда іргелі өзгерген қалалардың бірі атануда.

Спорт. Қазір Шымкент қаласында 848 спорт нысаны тіркелген. Оның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 1 құрама команданың оқу-жаттығу орталығы, 6 спорттық құрылғы кешені, 12 спорт кешені, 32 спорттық манеж, 1 есу базасы, 5 тир, 1 ату алаңы, 1 хоккей корты, 434 жазықтықты құрылғылар, 23 теннис корты, 1 ипподром, 8 бассейн, 249 спорт зал, 70 орнатылған спорт зал бар. Қала аумағында спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 281 235 адамды құрап, қаладағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 27,8% құрады.

Шырайлы шаһардағы Қажымұқан атындағы, «Динамо», «Локомотив», «Металлург» секілді жеті стадион, 100-ге жуық спорт зал, бес  жүзу бассейні, үш  спорт кешені, жеңіл атлетикалық манеж бүгінде қалың жұртшылықтың  игілігіне қызмет көрсетуде. Қалада футбол, гинастика, ат спорты, қысқы спорт түрлері  бойынша спорт  мектептері жұмыс істейді.

Құрылыс. Биыл Шымкентте көпқабатты 136 үй немесе 7 561 пәтер пайдалануға беріледі. Шымкентте "Шымкент Сити" арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. 2022 жылға дейін Шымкентте газ тарту жұмыстар толық аяқталмақ.

Білім. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 130 мектеп бар болса, оның 19-ы үш ауысымды мектеп болып саналады. Үш ауысымды мектептерді азайту үшін қала билігі бес жылдың ішінде 15 мектепті салуды ойластырып отыр. Шымкентте 130 мектепте 200 мыңға жуық оқушы оқиды. Жыл сайын балалардың саны 10 мыңға артып отыр.