Сараптама

Елордадағы жетімдер үйінен кейінгі жасөспірімдердің тағдыры қалай болып жатыр?

Отбасы құндылығы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтан қаласының интернаттық ұйымдарынан кейінгі жетім балаларының және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларының әлеуметтік келбеті қандай?

Отбасылық дәстүрлер қазақ қоғамында тарихи дамудың барлық сатысында маңызды орын алған. Отбасы және балалар біздің қоғамның негізгі институционалдық бөлігі және басты құндылығы. Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғауға қатысты сұрақтар теориялық және практикалық тұрғыда айтарлықтай қиындығымен сипатталады және психология, экономика, құқықтану, әлеуметтану, педагогиканың проблемалық салаларының тоғысында болып табылады.

Қоғамымыздың стратегиялық қоры болып табылатын Нұр-Сұлтан қаласының интернаттық ұйымдарынан кейінгі жетім балалары және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалары елордамыздың экономикалық, әлеуметтік, ұлттық және мәдени үдерістерінде маңызды орын алады. Маңызды орын алатынын және ішкі біртексіздік пен олардың әлеуметтік топ ретінде сараланатынын көптеген сарапшылар мойындайды. Интернаттық ұйымдардан кейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жіктелуінің негіздері, өз кезегінде, әртүрлі әлеуметтік, демографиялық, кәсіби, этникалық, мәдени және саяси факторлардың күрделі үйлесімдерімен анықталады. Осы аталған үйлесімдер бірыңғай әлеуметтік портретті жасауға қиындық тудырады.

Жұмыстың мақсаты: Нұр-Сұлтан қаласының интернаттық ұйымдарынан кейінгі жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларының әлеуметтік келбетін зерттеу.

Зерттеу үшін Нұр-Сұлтан қаласының балалар үйі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіби-техникалық колледжі, «Экономика, технология және тамақ өндірісін стандарттау колледжі» МКҚК, «SOSНұр-Сұлтан қаласының балалар қалашығы» ОҒҚ таңдалды. Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің жеке істері, олардың даму тарихы және басқа құжаттар қарастырылды.

Баланың ол мекемеге түсу себебінің ерекшелігіне, ата-аналарының өз балаларының тағдырына қатысуын қаламауына және өздері жайлы ақпарат бергісі келмеуіне байланысты балалар және ата-аналар жайлы ақпараттар көлемінің теңсіздігін атап айтқан жөн.

Нұр-Сұлтан қаласының интернаттық ұйымдарынан кейінгі жетім балаларының және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларының әлеуметтік келбетін құрастыруда, әлбетте, көрсетілген ерекшеліктер ескерілді. Жұмыс барысында қолданбалы әлеуметтік зерттеудің ақпараттары қолданылды. Зерттеудің таңдамалы жиынтығы 100 бірлікті құрайды. 18 жастан 29 жасқа дейінгі жауап берушілерді іріктеу бірнеше сатылы таңдау арқылы жүргізілді.

Білім Министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда 5 млн бала өмір сүреді, оның ішінде 26 мыңы – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Жетім балалардың жалпы санынан 20375(78%)балалар қазақстандық азаматтардың жанұяларының қамқорлығында, патронаттық тәрбиеде өсуде. Тек5631 (21%) балалар жетім балаларға арналған 137 мекемелерде тәрбиеленуде.

Бүгінгі таңда мекемелер желісінің қысқаруының негізгі себебі – жаңадан анықталған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, интернатты мекемелерге жіберілген балалардың санының төмендеуі (2015 жылы - 2598, 2016 жылы - 1854, 2017 жылы - 1166). Арнайы қызметтер мен интернаттық ұйымдар жанындағы асырап алушы ата-аналарға арналған мектептердің арқасында, қамқоршылық, патронат, бала асырап алу күші жойылғаннан кейін, балалар үйіне қайту мөлшері азайды: 2015 жылы – 246, 2016 жылы – 195, 2017 жылы – 125. Қазіргі таңда, Нұр-Сұлтан қаласында 862 жетім бала өмір сүреді, оның ішінде 238-і 18 және 29 жас аралығындағы елордада тұрақты мекен-жайы бар фокус топқа енеді.

Нұр-Сұлтан қаласының интернаттық ұйымдарынан кейінгі жетім балаларын және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларын зерттеу үшін осы саланың сарапшылары өз әлеуметтік келбетіне тән бірнеше сұрақтарды қамтитын  арнайы анкета құрастырды.

Әлеуметтік зерттеудің негізгі контингентін әйелдер –55,6% (сәйкесінше ерлер – 44,8%)құрады. Сұралған адамдардың жартысынан көбі этникалық қазақтар –52,4%, үштен бірінен сәл аз бөлігі орыстар – 28,6%, көрсетілген топтың әрбір оныншы өкілі татар ұлты – 6,3% болды. Сұралғандар қатарында басқа ұлттар: әзірбайжандар – 3,2%, немістер – 3,2%, украиндер – 3,2%, өзбектер – 1,6%, сонымен қатар, сыған және марий ұлты өкілдері де болды.

Аталған топтың білім берудегі таңдауының басым бөлігін автокөлік жүргізу куәлігін алу – 44,1%, шет тілдерін үйрену – 35,6 %, жеке қызығушылықтарына (блоггинг, шаштараз, тігін, және т.б.) байланысты ақылы шеберлік сағаттары – 33.9% құрайды. Сонымен қатар, ЖОО және/немесе орта-техникалық колледждерге түсуді қалаушылар да кездеседі. Жастар одақтарына ену мен аспаз кәсібі де сұраныста. Пайдалы білім алуға деген мақсаттылық пен қызығушылық осы топ өкілдерінің ерекшелігі болып табылады. Олар білімді табысты мансаптың және өзін-өзі танытудың негізі ретінде қарастырады. Басқа топтың өкілдері сияқты, олар да болашақта өз балаларын іскер әрі ақша тапқыш ретінде көргісі келеді. Интеллектуалды даму және жан-жақты білім сияқты қасиеттерді де маңызды деп санайды. Көбіне олар (52%) білімді соңғы да, аспаптық өмірлік маңызды да құндылық ретінде қарастыратын орта-кәсіби (42,9%) және орта-техникалық (9,5%) оқу орындарының студенттері ретінде көрсетілген. Қоғамның руханилығы түсінігінде де, жеке тұлғаның руханилығы түсінігінде де білімге басым көңіл бөлінеді. Мысалы, орта-кәсіби және орта-техникалық колледждермен қатар, жоғарғы оқу орындары да танымал – 15,9%. Ата-ана қамқорлығынсыз қалғандардың және жетім балалардың қалған бөлігі (31,7%) өздерін жоғары немесе орта-кәсіби біліммен қамтамасыз ете алмады (орта білім).

Жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және интернаттан кейінгі балалардың қалайтын қызмет түрлерін талдау бос уақыттарын еркін ұйымдастыруға басымдылық беретінін көрсетті. Егжей-тегжейлі талдау арқылы жастардың бос уақытын ұйымдастыруда ерекшеліктер барын көруге болады. Бос уақытын өткізуде, жастар үшін достармен араласу және физикалық түрде даму өте маңызды. Нақ осы топ өкілдері арасында спортпен айналысатын жастар мен салауатты өмір салтын ұстанатын жастардың пайыздық үлесі ең жоғары екенін атап айту қажет. Материалдық құндылықтардың басымдығына қарамастан, құндылықтар бағдарларының иерархиясында рухани аспекттерге де бағдарлар бар. Поп-мәдениеттің көптеген нормалары мен құндылықтарының басым болуы, спортқа(футбoл, хoккeй, вeлoсипeд және т.б.) – 60,3%, кітап оқуға– 23.8%, ән салуға– 23.8%және билеуге –15,9%қызығатын жастардың үлесін жоққа шығармайды.

Аталған топ өкілдері қазіргі заманғы жалпыазаматтық негізгі құндылықтар ретінде жұмыспен қамтылуды, материалдық әл-ауқатты және ұлттық қайта өрлеуді санайды. Жауап берушілердің басым бөлігі – 38,1%  студент бола тұра, уақытша және тұрақты жұмыспен қамтылған (жалданушы қызметкер).Нұр-Сұлтан қаласының интернаттық ұйымдарынан кейінгі жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың36,5% бөлігі жұмыссыз екенін де айта кету қажет. Жастардың ғана емес, бүкіл халықтың материалдық құндылықтарын негізге алып, Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі соңғы оқиғалар (пандемияға байланысты карантин) әсерінен туындаған қиындықтарды шешуге нақты іс-әрекет жасалмаса, аталған топтарда бұл көрсеткішті оң жаққа өзгерту мүмкін болмайды және материалдық әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік берілмейді.

Жастардың, әсіресе жетім балалардың денсаулығын олардың өмір салты сипаттайды. Біздегі мәліметтер бойынша, 52,4% жастардың денсаулығы – өте жақсы, 17,5% - орташа, 17,5% - қанағаттанарлық дәрежеде. Барлық жауап берушілердің 6,3% - 3 топ мүгедектері, 1,6% - 1 топ мүгедектері болып табылады.

Кез келген адамның, әсіресеинтернаттық ұйымдардан кейінгі жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың үйі, өз үйінің сезімі болуы қажет. Бұл сезімсіз адамдар ауруға шалдығады, терең үй сезімімен байланысқан ешқандай ішкі жан жарасымы болмайды. Ешқандай зерттеусіз-ақ, көптеген жетім балалардың үйі жоқ екенін айта аламыз: кейбіреуі– 12,7%қамқоршысымен тұрады, кейбіреуі –65,1% жалдамалы үйде тұрады, кейбіреуі – 17,4% жатақханада тұрады. Кейбіреуінің – 4,8% өз пәтері болғанымен, үйсезімі болмайды, себебі ол үшін ондаған жылдар бойы төлем жасау қажет.

2013 жылдың 4 шілдесінде қабылданған «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінежетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үй құқығы мәселелері бойыншаөзгерістер мен толықтырулар енгізу» Заңының қабылдануымен, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілген пәтерлердің саны орташа есеппен 1,5 есеге (2013 жылы 758 пәтерден 2018 жылы 1074 пәтерге) артты. Заңға сәйкес, бұл санаттағы адамдар баспана алғанға дейін кезектен шығарылмайды. ҚР «Тұрғын үй қатынастары» Заңының 74-бабының 4-тармағына сәйкес, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынаннемесе жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлердің жалпы санының кемінде 20 пайызы бөлінеді. Коммуналды тұрғын үй қорында тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарының кезегін түгендеуді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын жүзеге асырады.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету барлық адамдар үшін кезектілік ретімен жүзеге асырылады. Бұл топтың өкілдерінің басым бөлігі (76%)«Тұрғын үйге кезекте тұрасыз ба?» деген сұраққа «Иә» деп жауап берді. Жетім балалар мен ата-атасының қамқорлығынсыз қалған балаларға заң тарапынан бірінші кезектілік немесе кезектен тыс құқық берілмеген. Тұрғын үйді алуда айтарлықтай қиындықтар бар, нәтижесінде жетім балалар мен ата-атасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік осал топ құрып, сонда қалуына себеп болуы мүмкін.

Адамзаттың даму тарихы көрсеткендей, осы уақытқа дейін ешбір қоғам жанұясыз өзінің белгілі бір әлеуметтік тапсырыстарын орындаушы ретінде жасай алмайды. Себебі жанұя – адамдарды әлеуметтік, мәдени, ұлттық ақпаратты тасымалдаушы ретінде тәрбиелейтін бірден-бір және әзірге жалғыз әлеуметтік институт. Қаншалықты адамгершілікпен құрылмаса да, ешқандай қоғамдық, мемлекеттік, әлеуметтік институт қазіргі таңдағы азаматтың психологиялық жалғыздық проблемасын шеше алмайды. Осы себепті, жауап берушілерге арналған сұрақтардың ішіне отбасылық жайында сұрақтарды қосу дұрыс деп табылды. Зерттеу нәтижесі бойынша осы топтың 66,7% - бойдақтар, 22,2% - заңды некеде тұратындар, 4,8% - азаматтық некеде тұратындар және, өкінішке орай, 4,8% - ажырасқандар болып табылады.

Психологтар карантин және әлеуметтік оқшаулану депрессияға, маскүнемдікке және мазасыздыққа алып келеді деп ескертуде. Ұзақ мерзімді зерттеулер көрсеткендей, карантинді алып тастағаннан кейін де ұзақ уақыт бойы қорқынышқа, ұйқының бұзылуына немесе жарақаттан кейінгі жүктемеге байланысты бұзылыстардың ықтималдығы жоғары болады. Осы және басқа да факторларды ескеріп, «Сізге психологтың көмегі қажет пе?» деген сұрақ сауалнамаға қосылды. Нәтижесінде 71,4% - нақты «жоқ», 11,1% - «әзірге білмеймін» деп жауап берді. Кейбір адамдар үшін әлеуметтік байланыстың болмауы – тамақтың болмауы сияқты сезіледі. «Сіз карантин кезінде мемлекеттен әлеуметтік көмек алдыңыз ба?» деген сұрақты қою арқылы сарапшы топ 42500 теңге көлеміндегі финанстық көмекті білгісі келді. Жауап берушілердің 58,7% - «жоқ», 11,5% - «күтілуде», сәйкесінше, 29,8% - әлеуметтік көмекті «алдық» деп жауап берді. «Қоғамның 3 негізгі проблемалық аймақты көрсетіңіз» деген сұраққа осы оптың басым бөлігі «Кoррупция. Рaсизм. Нашақорлық және ішімдік, және т.б.». деп жауап берді. Сонымен қатар олар шығармашылықты, өнерді, физикалық және мәдени дамуды жеке тұлғаның рухани дамуының негіздері ретінде қарастырады.

«Қолданыстағы заңдарды білмеу жауапкершіліктен босатпайды» - дейді заң шындығы. Сондықтан заңдарды білу және оларды тәжірибеде қолдану өте маңызды. Егер барлық кодекстерді жаттап алу қиындық туғызса, Қазақстан Республикасыныңинтернаттық ұйымдардан кейінгіжетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз балаларына қатысты заңдарын білу қажет. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жауап берушілердің жартысы 50,8% - заңгерлер көмегін «қажет етпейді» және барлық қиындықтарды өз бетінше шешеді. Ал 22,2% - заңгерлер көмегі қажет пе жоқ па әлі білмейді. Сарапшылар қоғамдастығының пікірінше, бұл тармақ осы топтың заңтану деңгейінің төмендігін көрсетеді.

Қазақстан тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде халықаралық стандарттарға сәйкес институционалдық және құқықтық деңгейде құрылған балалар құқығын қорғаудың ұлттық моделін қалыптастырды. Балаларды қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңы Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне, Қазақстан Республикасының «Балалар құқықтары туралы» Заңы және басқа да нормативтік құқықтық құжаттарға негізделеді.

·       ҚР Конституциясы

·       ҚР «Баланың құқықтары туралы» Заңы

·       ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық жағынан түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы

·        ҚР «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» Заңы

·       ҚР «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңы

·       ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі

·       ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі

·       ҚР «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңы

·       ҚР «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңы

·       ҚР «Білім туралы» Заңы

·       ҚР «Арнайы әлеуметтік қызметтер Заңы»

·       ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңы

·       ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы

·       ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы

·       ҚР «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Заңы

Экономикалық дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсек, аналықтан бас тартудың ең агрессивті түрлерін азайту үшін жалғызбасты және кедей әйелдерге әлеуметтік төлемдерді ұлғайту үшін мемлекет тарапынан материалды салым қажет және қауіп-қатер тобындағы жүкті әйелдер үшін қолайлы орта қалыптастыру қажет.

Қолда бар мәліметтерге сүйеніп, Нұр-Сұлтан қаласының интернаттық ұйымдарынан кейінгі жетім балаларының және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларының келесідей әлеуметтік келбетін құрастыруға болады:

1.  Бірінші кезекте бұл тұрғын үймен қамтамасыз ету, федералды және аймақтық жеңілдіктер мен төлемдер алу реті, тегін білім алу құқығын қамтитын сұрақтарға қатысты.

Балалар үйлерінің түлектерін баспанамен қамтамасыз ету мәселесі, сарапшылардың пікірінше, соңғы бірнеше жыл ішінде айқын маңыздылығын жоғалтуда. Мұндай оң үдерістер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ететін ресми ережелер өзгерістер мен жауапкершілікті муниципалитет деңгейінен аймақтық билікке беруге байланысты. Зерттеуге қатысқан барлық сарапшылар осы мәселені шешуге бағытталған аймақтық бағдарламалар айтарлықтай тиімді нәтиже көрсетуде дейді. Егер баспанамен қамтылмаса, балалар үйінің түлектерінің басым бөлігі кәмелет жасына толғанда жеке баспана алады.

2. Еңбек нарығына шығу және тұрақты жұмыспен қамту мәселесі.

Сараптаманың көрсетуінше, еңбек нарығында түлектерге кездесетін бірқатар мәселелер бар. Мәселелерді екі деңгейге бөліп қарастыруға болады: институционалды және жеке. Бірінші деңгей жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың алған білімдеріне сай кейбір мамандық иелерін қажет етпейтін аймақтық еңбек нарығының ерекшеліктерімен байланысты. Қазақстан экономикасында орын алып жатқан тоқырау жұмыс берушілердің ерекше назар мен тәсілді талап ететін жұмысшылар тобына қызығуына мүмкіндік бермейді.

3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің өздерінің бос уақытын, жазғы демалысын жоспарлауда жеке таңдау мен жауапкершіліктің минималды диапазонына ие болуы олардың ұзақ мерзімді жоспарлау дағдыларының дамымауына алып келеді.

Сарапшылар түлектер өздерінің құқықтары мен оларға кім және не беру қажеттігін білгенімен, өздерінің міндеттерін білмейді дейді. Осылайша, өздерінің құқықтарын, қорларын және мүмкіндіктерін білудің кері әсері әртүрлі көмек көзі болып табылатын мемлекетке арқа сүйеуші ретінде қалыптасуына алып келеді. Мұндай пікірді сарапшылар көп рет айтып та, көрсетіп те жатыр.

Барлық фактілер мен сауалнама нәтижелерін ескеріп, жоба сарапшысы келесі қорытындыға келді:

1. Нұр-Сұлтан қаласында баспана мәселесін шешуді, жоғары және орта-техникалық білім алуды, жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікпен айналысуды қамтамасыз ететін интернаттан кейінгі қолдау Орталығының тұжырымдамасын құрастыру;

2. Жетім балалардың тәрбиесімен, бейімделуімен және қолдауымен айналыстан барлық институттар (балалар үйі, оқу орындары, қоғаушы органдар) арасында кешенді өзара әрекеттесуші механизмді құрастыру;

3. Интернаттан кейінгі қолдау барысында мамандарды даярлау және қайта даярлау бағдарламасын құру;

4. Балалар үйлерінің түлектерін қолдау алгоритмі, әлеуметтік бейімделудің жеке бағдарламалары және жұмыстың тиімділігінің бағасы қабылданды.