МӘДЕНИЕТ
Шешенге қиын - сөз бастау
Ұлтымыздың мәдениетiнiң негiзгi бaстaуы тым тeрeңдe жaтыр. Бүгiнгi күнгe жeткeн мәдeни-рухaни мұрaлaрымыз, жыр-дaстaндaрымыз жәнe құнды сөздерiмiз, eң aлдымeн, тiл aрқылы кейiнгi ұрпaққa жeткeн бoлaтын. Тiл – тұтaс бiр ұлттың бaр бoлмыс-бiтiмiн aнықтaйтын, aдaм бaлaсы өмiр бoйы пaйдaғa жaрaтaтын әрeкeт құрaлы.
Қaрaсa көз жeтпeйтiн, құс ұшсa қaнaты тaлaтын oсынaу кең дaламыздa мекен еткен aта-бaбалaрымыз тiл өнерiн eрeкшe қaстeрлeп бaғалағaн. Туған тiлімiзгe жaугeршiлік зaманның, oзбыр oтaрлaу мeн зoрлық-зoмбылықтың қыспaғы түскeн сәттeр тым көп бoлды. Бірақ, соған қарамастан, қазақ тілі «мың өлiп, мың тiрiлгeн» халқымызбен бірге өзінің қайтпас қайсар мінезімен қaһaрмaндық жoлын жүріп өттi. Тәуeлсiздiгiн қoлынa aлғaн бүгiнгi Қaзaқстaнда тiл - қaзақ eлi үшiн бaғaсын жoғaлтпaғaн құндылық бoлып тaбылaды.
Елiміз тiлді өнeр рeтіндe қaстeрлегeн. Жұртымыз шeшендік өнерді қaзақтың мaңдайынa бiткен бaқ деп бағалаған. aта-бaбалaрымыз шeшен сөйлeу дeгендi де шешендік иiрiмдeрмeн « қaрa қылды қaқ жaрғaн дaрa бoл, сөз сaптayы сегiз өрiм сeрт бoл, тoпты aузыңa қaрaтқaн дaнa бoл, тыңдaғaнды жылaт, жылaғaнды жұбaт, кeрeк жeрде eттен өткізiп, сүйеккe жеткізiп aйт, зaңнан дa биiк сөз – дaт» деп ұрпақтарына түсіндірген.
Шешeндік өнeр – тұп-тұнық aғып жaтқан мөлдір бұлақтай таза, мұхиттай терең мәдениетіміз бен рухани байлығымыздың айнасы. Оның өзіне қойылар арнайы талаптары бар. Шешендік сөзге және шешенге қойылатын арнайы талаптар бар.
• Шешендік сөзге қойылатын талаптар: айтылар ойдың мазмұн тереңдігі, мәнділігі басты орында болуы;
• Әр сөз – өз орнындағы деталь әр сөздің мағынасы –ойдың салмағын арттырар қуат, айтылған ой – жүрекке жетер шуақ;
• Тыңдаушылар жүрегінен жол табатын сөздердің мағыналық түрленуі, көркемдегіш құралдар мен амал-тәсілдердің ұтымды пайдаланылуы тілдік қарым-қатынас талабына сай болуы;
• Ой шындықпен астасқан дәлелді болуымен бірге, шешендік сөз түрлері мен тектері талабын қанағаттандырып, шешеннің жеке стилін де танытатын болуы керек.
Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге құрылады. Оның негізгі құралы-сөз. Шешендік сөз мәдениетінің негізі –тіліміздегі сөз байлығы. Осыған орай, А.Байтұрсынұлының : «Көркeм сөз – көңiл тiлi, жaлaң сөз- зeйiн тiлi. Жaлaң сөз зeйiн бaйлығына қaрaйтын нәрсe, көркeм сөз қиял бaйлығынa қaрaйтын нәрсe. Жaлaң сөз дүниeнi тұрғaн қaлпындa aлып aйтaды. Көркeм сөз дүниeнi көңiлдiң түйгeн, қиялдың мeңзeгeн әлпiнe түсiріп айтады» деген сөздерін келтіре кеткен дұрыс болады. Сонымен қатар, А.Байтұрсынұлы шешендік сөздерді бес топқа бөлген : саясат шешен сөзі, білімір шешен сөзі, билік шешен сөзі, қошемет шешен сөзі және уағыз шешен сөзі.
Шешендер қай заманда болсын халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін терең білген, халықтың ортасында сөзі өтімді, болашаққа болжам жасайтын мықты жандар деп білемін. Бір сөзбен айтсам, халықтың өкілі, қоғам қайраткері, жаугершілік заманда елші, дауда билік айтушы және тағы да басқа қасиеттерімен танылған тұлғалар. Халқымыз шешендерге қатаң да, өткір талаптар қойған. Нағыз шешен сөзге шебер болуы ғана жеткіліксіз. Кез-келген қиын сәтте табан астында тауып сөйлейтін тапқыр, көпшілік алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, пікірталаста саспайтын, тұтас ойын көркем келбеті, тартымды да мазмұнды желісі, айшықты бедері бар шешен ғана нағыз шешен деп толықтай айтуға болады.
• Шешенге қойылатын талаптар: Көпшіліктің алдында айтатын ойын шын жүректен айтып, көтерген мәселесінің мәнін терең білуі керек;
• Айтар ойының маңыздылығын жеткізіп, тыңдайтын ортаның әлеуметтік деңгейіне әсер ететін факторларды жан-жақты ойластыруы керек;
• Ой көркемдігін,сөз мағынасы мен тілдік қарым-қатынас пен тілдік қатысым заңдылықтарының сақталуы мен ауызша формада интонация, екпін, ым-ишара ерекшеліктерін, жазбаша қолданыстарды тыныс белгілерін сауаттылықпен пайдалана білуі керек;
• Шынайылық болмыс пен өзіндік стилін қалыптастыра алуы.
Нағыз шешен қандай? Менің ойымша, көп оқыған, жан-жақты білімі бар, елдегі соңғы жаңалықтардан хабары бар адам. Аудиторияға қандай да бір ой айтпастан бұрын алдын-ала дайындалып, тыңдаушыларға қалай сөйлеу және не айту керектігін пайымдай білетін өз ісінің білгірі.
Тыңдап отырған адамдар алдында өзін-өзі ұстауымен, сөйлеу техникасымен, киім кию мәдениетімен, жүріс-тұрысымен, мимикасымен және қимыл қозғалысымен аудиторияны игере білетін шебер. Алайда , оның қалыптасуына да қажырлы еңбек пен темірдей сабыр қажет. Жаңадан бастап келе жатқан шешенге алғашқы кезеңдер оңай болмайды. Көпшілік – теңіздің қуаты бар алапат күш сияқты. Жұрт алдына сөз сөйлеуге шыққан кез-келген шешен өзіне телміре қараған көздерден, сын көзбен сынап отырған жандардан, қызығушылықпен немесе немқұрайлық танытып отырған адамдардың әсерінен еріксіз қобалжиды. Көпшіліктің алдына жаңадан шығып жүрген шешен үшін аздап ыңғайсыз болуы мүмкін. Кейбір адамдар айтар ойын ұмытып, сасқалақтап немесе қатты қобалжып, сабырын жоғалтып алып жатады. Бұндай жағдайда халқымыз «көптің мысы басты» деп айтады. Осындай ыңғайсыз жағдайлар орын алмауы үшін аудиторияның психологиялық ахуалын және олардың назарын аудартатын негізгі ойды алдын-ала жүйелеп алған жөн болады. Қарапайым тілмен айтылған бұл кеңес күнделікті дайындықты талап етері анық. Қажырлы еңбектің арқасында тыңдап отырған аудиторияны лезде өзіне елітіп әкете алады.
Орыстың белгілі лектор әдіскері Е.А.Адамова: «Мұрағатсыз лектор – инструменті жоқ музыкант, лектор мұрағаты шығармашылық биография, оның үлкен, қажырлы еңбегінің үндемес куәгері»,- деп баға берген. Шешеннің көрген-білгені, таным көкжиегінің тереңдігі, ақыл-парасаты - оны алға сүйрейтін бірден-бір ұтымды тұсы деп білемін.
Күнделікті дайындық кезінде сөйлеу техникасын да жақсы меңгеруі шарт. Шешеннің дауыс мәнерін қалыптастыруға, сөздерді таза, әрі нақты айтуға жүйелі түрде дайындалғаны жөн. Дауысы дұрыс қойылған адам аудиторияның назарын өзіне еріксіз аудартып, олардың санасы мен елестету қабілеттеріне әсер ете алады.
Шешен үшін ең басты нәрсе не екенін білесіз бе? Ол ұзақ уақыт бойы дайындалған істері бен әрекеттерін қарапайым өмірінде пайдалану. « Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген қазақта бір мәтел бар. Шынайы өмірде қате сөйлеуге бейімделіп алсаң, шаршы топтың алдына шыққан кезде қателесіп кетуің әбден мүмкін.
Көп алдына шыққанда қозғайтын ойды үш негізгі кезеңге бөліп алған жөн. Ол –маңызды факторлардың бірі. Ең бірінші –кіріспе сөз. Шешен үшін ең негізгі нәрсе – көп алдында сөз бастап алу. Досбол би : « Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ.Тауып айтсаң – мереке қылады. Таппай айтсаң – келеке қылады», - деп ерте заманда-ақ айтып кеткен болатын. Бабаларымыз « әуелі бастау қиын» дейді. Басталған әрекет тоқтай қалмайды. Сөз басы айтар ойдың кіріспесі сияқты болады, сол себепті оның жүйелі, әрі ұтымды болуы маңызды. Жақсы басталған сөз аудиторияның қызығушылығын бірден оятады.. Екінші кезең – негізгі бөлім. Негізгі сөз – тыңдарманның көкейіндегі сұрақтарды дөп басып, шешен мен аудиторияның мақсат пен мүдде биігінің шыңына шығатын сәті. Негізгі бөлімге кіріспес бұрын сөйлеуші аудиторияны қайтадан бір тексеріп алады. Олар үшін тақырып түсінікті де,айқын болды ма немесе болмады ма? Ең соңғы кезең – қорытынды бөлім. Бұл бөлімде тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қорытындылайтын уақыт. Бұл бөлімде шешен өзінің тапқырлығы мен білімділігінің арқасында айтылған ойларды түйіндеп, нақты бір ой қорытып шығады.
Қазақ халқы осы күнге дейін небір зұлмат замандарды басынан кешірді. Ыстыққа да,суыққа да төзді. Бірақ, соған қарамастан мойымады.Жаужүрек ұрпақтарының арқасында егемендікке де қол жеткізді. Бүгінде дамыған елу елдің қатарындағы дамушы елдердің біріміз. Ұлттық мұраларымыз бен рухани құндылықтарымызды қайта жаңғыртып жатырмыз. Осы айтылған дүниенің барлығы түп тамырында шешендік өнердің арқасында. Ата-бабаларымыздың айтқан небір дана ойлары бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Біз осы мұраларымызбен мақтанамыз. Шешендік өнер – тарихымыздың бастауы!