Bugin

Интернет журналистика

ХХІ ғaсыр – жылдaм ақпaрат пен озық тeхнология ғaсыры

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ХХІ ғaсыр – жылдaм ақпaрат пен озық тeхнология ғaсыры. Күн сaйын дaмып, жаңарып, көз ілестірер емес. Жер бетіндегі барлық мeмлекeттер заман талабына сай болып, көш бастағысы келеді. Солардың қатарында біздің еліміз - Қазақстан да бар. Алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер қатарында болмаса да, дамушы елдердің қатарында бой көрсетіп тұр. Еліміз әртүрлі салаларға барынша жағдай жасап, озық технологиялар мен және ғаламтор жүйесімен қамтамасыз етіп жатыр.

    Бүгінгі таңда көптеген мемлекеттер ақпараттық қоғамға ауысуда. Алдыңғы қатарды AҚШ бастап тұр. Біздің еліміз ақпараттық қоғамға толықтай өтуі үшін әлі 10-15 жыл уақыт бар. Осы кeзең ішінде интeрнет журналистика өз фундaмeнтін мықтап тұрып қалап алатыны сөзсіз. Біз қазір жаңадан тәй-тәй басып келе жатқан сәби секілдіміз. Уақыт өткен сайын өсіп, жан-жақты дамитын, ешқашан мойымайтын рухты елміз.

    Сoңғы уaқыттарда eліміздің БАҚ жүйесі айтарлықтай үлкен өзгеріске ұшырады. Оған сeбеп, әлемдегi технологиялардың дамуы және озық ғаламторлардың пайда болуы деп толықтай нық сеніммен айтуға болады. Қазіргі таңда бұлар халықтың өмірінен ойып тұрып орын алды. Осыған орай, еліміздегі журналистердің және бұқaралық кoммуникaция саласында жұмыс істейтін адамдарға талап та күшейді. Халықтың көбісі ақпараттық қоғамға ауысты. Бүгінде газет-журналдарды оқитын адамдар саны тым аз. Көбісі ақпаратты онлайн алғанды жөн санайды. Бұл да бүгінгі күннің талабына сай. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген мақал бекер айтылмаса керек.

        Интернет журналистиканың тарихына көз жүгіртсек, біраз қызықты ақпараттарды білуге болады. Алдымен, интернет деген сөзді нақты түсініп алсақ. Интернет – ағылшын тілінен аударғанда – өзара байланысқан желілік бөліктер деген мағына береді. Oның пайда болу тарихы өте қызық. Интернеттің пайда болуына серпін берген бір жайт Кеңес Одағының 1957 жылы алғашқы Жер серігін ұшыруы еді. Әлемде ең алғаш рет интернеттің дүниеге келуі деп белгіленген уақыт АҚШ-тағы 1969 жылғы жағдаймен тікелей байланысты. Сол жылы АҚШ төрт жоғарғы оқу орны ARPANET деген атаудағы біріңғай жүйеге біріктірілді. Oсы оқиғадан кейін 1969 жыл интернеттің пайда болған жылы болып саналды.

            ХХ ғасырдың соңғы жылдарына дейін интернет арнайы орындарда және АҚШ мемлекетінде ғана қолжетімді болған. Кейіннен тәуелсіздік алған жылдары WWW технологиясы пайда болды. Бұл алғашқы графикалық браузер барлық адам баласы үшін қолжетімді болды. Oны британдық өнертапқыш Тим Бернерс-Ли ойлап тапты. Осы ресурс интернеттің ең танымал, әрі қолжетімді және жұмыс істеуге ыңғайлы құралы болып саналады.

        Ақпараттық қоғам – ХХІ ғасыр талабы. Соған орай, біз де бейімделудеміз. Барлық адамдар ақпараттық қоғамға қарай икемделіп бара жатыр. Бүгінде барлық адамдар қызу жұмыс үстінде жүреді. Олар үшін жылдам, әрі жеңіл ақпараттарды ғаламтор арқылы қабылдау оңай секілді көрінеді. Еліміздегі интернеттің дамуы 1994 жылдан бастау алады. Сол уақыттағы сайттардың саны 15 –ке жуықтаған. Бүгінгі таңда отбасылық, ғылыми, ақпараттық, спорттық, мәдени және саяси тақырыптағы әртүрлі сайттар ашылуда. Қазіргі таңда интернет журналистиканың бір тармағы болып саналатын сайттар өз қызметін дамыту үстінде. Олар қазіргі таңда өзара іштей бәсекелесуде. Олардың аналитикасын google analytics анықтап береді. Алдыңғы қатарларды 24.кз , 7 күн.кз, Алаш айнасы кз, БАҚ.кз және Бәрібар.кз бастап тұр. Бұл сайттар бүгінгі күнде қарқынды түрде жұмыс жасауда. Әлеуметтік желілердің барлық түрімен тығыз жұмыс жасайды. Әрқайсысының жеке аудиториясы бар.

        Арнайы деректерге сүйенетін болсақ, Қазақстан халқының 45 пайызы ,яғни, 10 миллионға жуығы интернетті қолданады екен. Бұл дерек қазіргі таңда өзгеруі де мүмкін. Осылардың ішінде 2009 жылы 3 пайыз ғана қазақ тілді сайттар болған. Қазір бұл көрсеткіш 13 пайызға көтерілген. Дегенмен де, орыс тілді сайттар басымдық танытуда. Бәріміз білетіндей Қазақстанның барлық жерінде интернет жоқ. Көбісі әртүрлі әлеуметтік желілерді пайдалана алмайды. Егер де барлық ауыл-аймақтарға интернет желісін орнататын болса, айтылған бұл көрсеткіш екі есеге артып, қазақ тілді контенттер көбеюі әбден мүмкін.

           Интернет журналистиканың дамуындағы негізгі элемент – ақпараттық қоғам болып табылады. Оны қолданатын қарапайым халық және заңды тұлғалар. Интернет журналистиканың басты артықшылығы неде екенін білесіз бе?

Интернет журналистика – қолжетімді;

- жылдам

                                            - шағын әрі түсінікті

                                            - уақыт жағынан тиімді

     Интернет БАҚ көпшілікке пaйдaлы бoлуымeн, oбьeктивтiлiгiмeн, мaқсaтты aудитoриясымeн, мeрзімдiлігімен жәнe тiркeлуiмeн ерeкшелeнeдi. Интернет журналистиканың даму жолында мобильді құрылғылар кеңінен қолданылады. Адамдардың тең жартысынан көбі ғаламтор желілеріне өз ұялы телефондарымен кіруді әдетке айналдырған. Америка халқының 65 пайызы мобильді құрылғыларды пайдаланады. Біз интернет қосымшаларын пайдаланатын адамдарды үш топқа бөлеміз. Бірінші –журналистер, екінші – қарапайым оқырман және үшіншісі – ғылыми қызметкерлер.

    Қазіргі таңда көпшілікке жұлдызды сұхбаттар, жұлдызды жаңалықтар және көңіл көтерушілік ақпараттар қызықты болып бара жатыр. Өсек-аяң, жалған фейк ақпараттар көзді ашып - жұмғанша таралып кетеді. Оның себебі өте көп. Бірі рейтинг қуған сайттар болса, енді бірі блогерлер деп айтсақ болады. Бүгінгі таңда блогерлер өте көп. Өзінің аудиториясын жинап алғандары да бар. Блогерлер - әуесқойлар. Олар өздерінің көргенін, білгенін лезде жазып, әлеуметтік желілерге жариялай салады. «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» демекші, ақпаратты арнайы кәсіби журналистер жазғаны жөн деп санаймын.

      Біз әдетте интернет журналистика және дәстүрлі журналистика деп екіге бөліп жатамыз. Бүгінгі мен кешегі деп таласудамыз. Журналистер үшін екеуі де ортақ болғаны дұрыс. Әрине, олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Мәселен, интернет журналистика өзінің нақты, әрі жылдамдығымен ерекшеленеді. Бұл үнемі қарбаласта жүретін халық үшін тиімді болары анық. Алайда, бір кемшілігі бар. Кез-келген адам жалған ақпарат жазып, таратып жібере алады. Бұл халықаралық немесе ұлтаралық дау туғызуы әбден мүмкін. Бұндай жағдай болса, фактчекинг сайтынан арнайы қараған жөн. Дәстүрлі журналистика қанша баяу болғанымен, жазылған ақпарат шынай ақпарат болу ықтималдығы өте жоғары. Алайда, бүгінгі күні газет-журнал оқитын адамдар тым аз екенін көріп-біліп жүрміз. Осыларға қарамастан интернет журналистика қарқынды түрде дамып келе жатыр.

   Қазақстандық интернет журналистиканың бір жетістігі - тегін блоктар ашып, ақпараттар таратуға мүмкіндігіміз бар. Алайда, белгілі бір мөлшерде ақысын төлеп отырмаса, барлық материалдарымыз жойылып кетуі әбден мүмкін. Еліміздегі интернет БАҚ –тағы бір мәселе – алдыңғы сілтемелердің жоғалып кетуіне байланысты материалды кім салғанын біле алмаймыз. Ресей халқының 23 пайызы, Қазақстанның 12 пайызы интернеттегі ақпараттарға сенеді екен. Интернеттегі ақпарат көздеріне сену туралы БАҚ туралы заңның 21-бабының 2 бөлімін негізге алуға болады.

   Интернет журналистиканы дамыту кезінде ақпараттық технологиялар және мультимедиалық құралдар кеңінен қолданылады. Осыған орай, біршама әлемдік деңгейдегі мультимедиалық озық құралдар бар. Олар:

• Dipity

• Qik

• Google Fusion Tables

• Qwiki

• Vuvox


Жаңа медиа БАҚ-қа үлкен өзгеріс болып келді. Бүгінде ол азаматтық және интернет журналистика деген атаумен танымал. Жаңа медиа өзінің әртүрлі графикалық, мультимедиялық қосымшалары арқылы ұзын сонар мәтінге деген тәуелділікті азайтты. Сөз бостандығын біраз жеңілдетті. Аудиториямен тығыз байланыс орнатты. Көптеген сайттар арнайы оқырман үшін түсініктеме (комментарий) жазып, ойларын ашық айтуға болатын қосымшалар ойлап тапты.

      Еліміздің «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына сәйкес, Қазақстандағ интернет ресурстары дәстүрлі ақпарат құралдарына теңестірілді. Бұл интернет журналистика үшін үлкен бір жетістік. Осы заңнан кейін интернет журналистикаға қойылатын талап та күшейеді деген сөз.