Саясат
Екі ғасырды да көрген кез келген қариядан о заман мен бұ заман жайлы пікірін сұрасақ ескі ғұмырын аңсайды
Бүгінгі таңда көпшіліктің көрген көзі көк ақша. Отбасылық ұрыс-керістің 78%-ы ақшаның кесірінен. Түрлі-түсті қағаздарды тауар айналымының бір бөлігі ретінде емес, культ ретінде қабылдап жүрміз. XXI ғасыр ұраны: «Бақыт ақшада емес – оның көптігінде».
Йохан Гезелль атты австриялық экономист, кәсіпкер кезінде "тәуелсіз ақша" теориясын ойлап шығарғантын. Оның экономикалық көзқарасы несиелердің арқасында пайыздарды жоюға және жерді мемлекет меншігіне айналдыруға негізделген. Гезелль ақшаның бірқалыпты тұрақты айналымы экономиканың ең маңызды бөліктерінің бірі деп санайтын.
Ақша - әркімнің меншігі, үнемдеу құралы ретінде емес, тек айырбастаудың құралы ретінде ғана қолданылу керек. Оның пайымдауынша, ақша айналымын қамтамасыз ететін «табиғи экономикалық тәртіп» - бұл мемлекеттік қызметті ақылы түрге айналдыру, яғни, "кері пайызды несие" деп айтсақ болады.
Тоқетерін айтқанда мемлекеттік органдардың атқарған қызметі үшін халық өз ақшасынан алым-салық ретінде кішкене төлейді деген сөз, ал ол ақша шекарадан шықпай қайта айналымға түседі. Бірақ алым-салықтың оның теориясынан айырмашылығы: мемлекет ақшаны шекарадан шығарады және иерархиялық деспотия жүйесі арқылы әр құзыретті органға халық қазынасынан бөлінеді. Ал ең бастысы, әлемдік экономиканың дизбалансы Гезеллдің ойын жүзеге асыруға кедергі болып тұр.
Бұл теорияны дәлелдеу үшін Йохан Гезелль 1932 ж. Австрияның 3000 жуық тұрғыны бар Вёргль қышлағында эксперимент жүргізген-тін. Эксперимент оң нәтижесін берді. Әуелі жаңа көпір салынып, жолдар жөнделді. Одан соң мемлекеттік қызметтерге инвестициялар артты. Сол уақытта Еуропаның көп елдері жұмыссыздықпен күресіп жүргенде Вёргль қалашығында жұмыссыздық 25%-ға төмендеді.
Австрияның 300-ден астам қауымдастықтары ақша айналымының бұл түріне қызығушылықтары оянды, ал Австрия Ұлттық Банкі үшін Гезеллдің теориясы жеке монополияларына қауіп төндіргендіктен Вёргль қалашығына "жергілікті тәуелсіз ақшаны" басып шығаруға тыйым салды.
Келесі мәселе - жастардың ақша қуалауы.
XX ғ. басында Кеңес социалистік республикалар одағы агро-өнім кәсібін өрбітеміз деп Америка Құрама Штаттарынан білім-ғылым жағынан дамудан қалып қойған еді. Алайда 30, 40, 50, 60 ж.ж. бірте-бірте даму жағынан жетіп қана қоймай, атомдық электр стансысының арқасында АҚШ-нан 2 жылға озып кеткен де болатын. Сонымен қатар 50 ж. екінші жартысында Жапон ғалымдары КСРО жайлы "біз техника жағынан өсіп-өніп жатқанда КСРО халқы сол баяғы агро-өнім кәсібімен айналысып жүріп даму сатысының төменгі жағында қалып қояды" деген пікірлер айтатын. Алайда КСРО-ға "әлеуметтік капитал" жағынан жетер-жетпестері кемде-кем болғанын мойындауымыз керек және оған бірен-саран дәйек көзін келтірейін.
Көп молдалардың айтуынша "Оқы, оқы және оқы!" деген сөзді В. И. Ленин Аллаһтың Мұхаммед пайғамбарымызға (с.а.с) "Құранды оқы!" деп бұйырған кезіндегі сөзінен ұрлап алған деп наразылығын танытады. Алайда түбінде Ленин Алланың бір ауыз сөзін идеологияға айналдырғанының арқасында адам-зат әжептәуір жетістіктерге жеткені Алланың сарқылмас құдыретін тек дәлелдеп тұр емес пе?
Екі ғасырды да көрген кез келген қариядан о заман мен бұ заман жайлы пікірін сұрасақ ескі ғұмырын аңсайды. Себебі КСРО уақытында оқу тегін, ал жұмыс тиянақты болатын. Оқымасаң, білімсіз шалғыны да қолыңа ұстатпайтын. Құрылыс жұмыстарының өзін сәулет өнерімен қатар үйрететін болған екен. Ал ең бастысы әрбір адам ертеңі үшін алаңдамай, оқуын оқып, мақсаттарын құрып, жоспарлай бергентін. Бұл бүгінгі "өрлеу заманының" идеясына қайшылас келеді. Өйткені Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с) ақтық демінде Жәбраил келгенде "Я, достым, Жәбраил, мен мына дүниені о дүниеге тапсырғанда сен жер бетіне түсесің бе?" деп сұрапты, сонда ол "- Я Хаббиб, Я Алланың нәббиі, Алланың расулы, Алланың сүйікті құлы болған сіз кеткеннен кейін келмеске қалай, түсемін, бірақ адам-заттың 10 байлығын алып кетемін" депті. 10 байлықтың 2, 3, 6 байлықтары мейірбандық, ағайындық ынтымақ-ықылас, қанағат дегендер тікелей ақшамен байланысты. Сонда Жәбраил: "адамдар сасық байлық үшін ағайын ағайынның жүзін көрмей кетеді" дейді.
Ақшаның тағы бір соры жастардың көңіліне дақ түсіріп, өз қармағына іліп алып кетуінде жатыр. Жас болған соң гүлденіп тұрған жасыл теректей бұтағымызды кең жайғымыз келеді.
Дегенмен өкінішке қарай ойын да, оқу да, өмір де бір ақшаға келіп тіреледі. Елімізде талай жағдайлар жасалмаған соң көптеген жастарымыз оқу мен үй қамының екі арасында белі екіге бөлініп, қайысып жүр. Оқығаны үшін де төлеуге мәжбүрлеген мемлекет ешқашан өрбімейді. Конфуций "бір жылдығыңды ойласаң егін ек. Он жылдығыңды ойласаң - ағаш ек. Ғұмырыңды ойласаң - ұрпақ тәрбиеле, бала оқыт" деген еді, ал біз бала үшін мал аяп, болмай жатса аяқтан шаламыз және жастайынан шалдыруды үйретеміз.
Тағы бір мәселе адамдардың өзара қарым-қатынасы, түзу сәлемі. Қарапайым мысал, дүкенге кіргенде сатушы қалдық ақшаңды кем беріп қойса, я сатып алушы артық беріп қойса ұялып, қайтаратын. Ал қазір екінің бірі "индивидуум" болғандықтан өз шындығын дәлелдеп, кезекті ұстап тұратыны тағы бар (индивидуум деген - қалыптасқан адам дегенді білдіреді. Көбісі "индивид болып туады, тұлға болып тек қалыптасады, ал ерекшелікті қорғайды" деп жаңылысады.
Біріншіден, индивид болып тек биологиялық тұрғыдан туады, алайда талай жаңа туылған нәрестелерді егер өзге ұлттардың қосындысы болмаса, бір-бірінен кейде ажырата алмай жүретініміз де шындық. Екіншіден, индивид өзінің ерекшелігін емес, 1998-99 ж.ж. Конституция заңы бойынша юрист мамандарымен ойлап табылған азаматтық құқығын ғана қорғайды, ал өзгенің барлығы адамның бала күнінен бері араласатын қоғам ортасы мен алған тәрбиесіне байланысты.
Психологияда индивидуалдылықтың кең тараған екі түрі бар: 1) индивидуалды-психологиялық ерекшеліктер - мінез-құлық пен ойлау түйсігінің ұқсас еместігі. 2) тұқымдастық ерекшелік - бір әулеттің өзгелерден айырмашылығы. Оны тағы интегралды индивидуалдылық дейді). Айта кетелік, таныс-тамыр деген ұғым ертеден келе жатқан қазақтың сұрапыл әдеті емес, КСРО заманындағы жерлестік қарым-қатынастан қалыптасқан түсінік. Қазір жылпоз адамдар коммуникацияны манипуляцияға айналдырып жіберген. Қарапайым адами қарым-қатынасты өз мақсатына жету үшін қолданатын жандар бизнесте де, өмірде де адал емес. Ондай жандар көкке самғаған адамдардың тамағында көмескідей тұрады. Ал КСРО кезінде жұмыстың тиянақты, уақытылы орындалуына қарай ғана қызметінде көтерілетін және мұнда "связьдар" тек бастықтың кабинетінде отырып шай алдында әңгіме соғуға жеткентін. Мәселен, бір аумақтың әкімі өз қызметін үнемі жақсы орындайтын және арының алдында есеп беріп отырыпты. Ал ары жоқ әкім үшін комиссия, жергілікті партия өкілеттіліктері болатын.
Келесі сөзіміз 1986 ж. елді екіге бөлген оқиғаның мәнісі жайлы болмақ. Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйіндегенде 14.12.2009. rus.azattyq.org Желтоқсан оқиғасының 23 жылдығының қарсаңына қарай "Декабрьским событиям 23 года: О чем умалчивается? И почему?" атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізіп, Желтоқсан оқиғасының артында кім тұрғаны туралы мақаласын жарыққа шығарды. Онда нақты тұлғалардың есімдері аталмаған, бірақ Алматы қаласы Хельсинк комитетінің басқармасы Нинель Фокина сол оқиғаға қазіргі таңда жоғары лауазымда отырғандардың тең жартысының қатысы бар екенін ашық айтып отыр – «Әуел бастан-ақ көптеген юстиция министрлігі, райком партиясының қызметкерлері, прокурорлар мен жоғары сот өкілдері дұрыс таңдау жасамай, майлы табақ қарыма үшін халыққа қарсы шыққан еді, ал қазір сол қателіктері үшін үн-түнсіз қалып отыр. Сол себепті қазір ешкім де бұл жайлы айтып жүрген жоқ».
– Ол кезде билік пен халық арасы қатты суытып кеткені соншалық, билік өкілдері ішінара дүрдараздылықты басып отыру үшін халыққа сыр бермей арнайы жасақтар дайындайтын. 40 жылдық тәжірибесі бар дәрігер зейнеткер (анонимділікті талап етті) 86 ж. жастарды соққыға жыққан әскердің басым бөлігі шекара жабылып жатқан кезде сырттан кіргізілген жастайынан killer қылып үйретілген жетім балалар дейді. Оларды Новосібір, Сверловск және т.б. қалаларынан шақырған, - деп баяндайды.
Сайып келгенде шындыққа ұласатын сияқты, себебі екінші дүниежүзілік соғысында штрафбат пен жетімдерден құрылған арнайы жасақтарды майданға тыңшылық үшін бірінші жіберетін. Табылған жетімдерді бір жерге жинап, әр топтан бір әскери жасақ дайындайтын.
Бір кездері ХХІ ғ. басында көгілдір экрандарға соғыс жайлы дәйеккөз фильмдер шығатын. Онда снайпер, тыңшы, диверсанттардың көбісінде туған отбасылары мен әулеті жайлы хабар жоқ деген еді. Сондықтан "өткендерін ескерген - өскендіктің белгісі. Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі" демекші, тарихты қалай бар, солай қабылдауымыз керек. Себебі әрбір қылмыстың артында жеке тұлғалардың ғана мүддесі жатқанын естен шығармайық ағайын! Оның үстіне орыс елі бізге ғана емес, өзге де ТМД халықтарына азуын батырған еді, сондықтан тарихымызға тағзым етеміз десек, шектен тыс астарлап, мүсәпірленген күшік болғандай қылып бұрмаламайық. Біздің бойымыздағы бұрыңғы батыр бабаларымыздың қаны ешқашан өшпеген және өшпейді де. Бірақ бүгінде бір ұлтты бұрыңғы қателіктері үшін жек көріп отырсақ, тарихымызға тек нұқсан ғана келтіреміз. Өйткені кезінде барлығы да бір-бірімен шабысып жүретін және түптің түбіне келгенде тіпті қазақтың өзі қазаққа жау болғанын аңғарамыз.
Ал 1989-91 ж.ж. Қазақстан үшін ауыр күндер тек республика болып бөлініп кетуге арналған алдын ала дайындықтың кесірінен басталды. 1991 ж. Алматы қ. көп жерлерінде, сонымен қатар жоғарыда аталған кейіпкеріміз зейнеттегі дәрігер жұмыс істеген ауруханасында жарықты өшіріп тастапты. Соның кесірінен операция дұрыс өтпегендіктен талай адамдар ота үстелінде көз жұмды дейді. Ал біраз уақыттан кейін Мұхтар Аблязов энергетика министрі атанып кетті. Ал қазір «мен болмасам осы...» деген шырай танытып жүр.
«Ақша – қолдың кірі» деп ата-анамыз кезінде құр үйретпеген екен. Қазір қазақ үшін ең тиімдісі білімге көбірек назар аудару. Тіпті кәпір деп балағаттап жүрген еврейлеріміз де мұны ерте заманда-ақ түсініп қойған. Олар Феодализм уақытында тез өрбитін мемлекет құру үшін екі нәрсені ғана сақтауды үйренді. Біріншісі – алтынды, ал екіншісі – білімді. Сондықтан басты міндетке ел мүддесін қойып, амалымыз білім болсын құрдастар!
Рамазан Еламанұлы