COVID-19
Әлемдегі короновирустың бүгінгі көрінісі
Әлемнің короновируспен күресіп келе жатқанына жарты жылдай уақыт болды. Күн сайын вирустың бәсеңдеуінің орнына жағдай ушығып келеді.
Дәл бүгінгі күнгі статискаға сүйенсек, әлем бойынша вирус жұқтырғандар саны – 10,7 млн, қайтыс болғандар – 518 036, сауығып шыққандар саны – 5,9 млн құрап отыр.
Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, короновирус жұқтырғандар саны жағынан 2 777 795 адамды құрап көш басында АҚШ мемлекеті тұр. Екінші орында 1 453 369 адам санымен Бразилия, үшінші орында Ресей – 654 405 адам.
Пандемия толқыны Индонезия мемлекетінеде жетті. Ауруханалар мен дәрі-дәрмектің жетіспеуінен Сурабая қаласының әкімі Три Рисмахарини медбикелер мен дәрігерлерден болған жағдайға «шектеу шараларын дұрыс жүргізбегені үшін» тізерлеп кешірім сұрады. Дәл мұндай жағдай Африка мемлекетінде де орын алып отыр.
Ал біздің мемлекетте жұқтырғандар саны – 42 574, сауығып шыққандар – 14 059, қайтыс болғандар – 188.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейсустың айтуынша: «Пандемияға қарсы біршама елдер жетістікке жетіп келе жатқанымен, вирустың қарқыны бәсеңдеген жоқ. Бұл тек бастамасы ғана, пандемия тіпті аяқталуға жақындаған жоқ, 2021 жылға қарай зардап щегушілер саны оданда көп болуы мүмкін».
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жақында болатын жиналысында мамандар вирусқа қарсы зерттеулердегі прогрессті талқылап, ойлап табылатын дәрі жайлы сөз қозғамақ. Сонымен қатар вирусты жеңу мақсатында белгілі 5 қағиданы атап шықты.
1. Адамдармен жұмыс жасау – арақашықтықты сақтау, дезенфекция шараларын дұрыс орындау.
2. Вирустың таралуын тоқтату – сақтық шараларын қолдану, вирус әлі анықталмаған мемлекеттер болса да, сақтық шараларын қатаң сақтау.
3. Өмірді құтқара білу- тек өзін ғана емес, өз жақындарын ойлай білу. Сабырлық сақтап, үйде отыруға төзімділік таныту.
4. Вакцина ойлап табу мен вирусты зерттеу қарқынын дамыту.
5. Саяси билікті дұрыс қолдана білу
Итальяндық зерттеушілер бірнеше апта бұрын «короновирус инфекциясының мутациялық жолмен әлсіреуі орын алып жатыр» деген мәлімдеме жасады.
Вирус әлемге тараған сәтте, «Нобель» сыйлығының иегері, француз вирусологы Люк Монтанье БАҚ құралдарына берген сұхбатында «Короновирус мутациялық жолмен адам денесінде өзгеріп тұруы мүмкін. Уақыт өте келе ол әлсірейді немесе күшейе түседі, сол себепті адамның иммунитетін көтеруі аса маңызды» деген ескертуін айтты.
Айта кететін жайт, короновирус 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында пайда болған, ал әлемге ақпан айында тарала бастаса, Қазақстанда наурыз айында пайда болды.