Алматы

Алматы қаласының 2020 жылға арналған жемқорлықты азайту жоспары

Шаралар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Алматы-2020» даму бағдарламасында бизнес пен инвестицияға маңызды мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жемқорлық кедергілерді жою мен рұқсат беру жүйелерінің айқындылығын жақсарту жұмыстары басым бағыт болатынығы айтылған. 

Ол үшін мемлекеттік сатып алу айқындығы мен мемлекеттік қолдау алуда талап қоюды айтарлықтай жақсарту және артық бөгеттерді жою жоспарлануда. Барлық рұқсат беру рәсімдерін сараптау, сонымен қатар бизнесті тексеруді жүйелеу істері тұрақты жүргізіледі.

Алматы 2025 жылы Ғаламдық Бәсекелестік Индексінің «Этика және сыбайлас жемқорлық», «Мемлекеттік қаражатты заңсыз пайдалану» көрсеткіштері бойынша Қазақстанның бірінші 30 елдің қатарына енуінің  драйвері болуы тиіс. Ол үшін азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша сарапшылардың идеяларымен, ой-пікірлерімен тиімді сындарлы алмасу және қарым-қатынасты қамтамасыз ету қажет. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, білім және тәрбиенің қалыптасуы


Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.    

 2014

    2015

    2016

    2017

    2018

    2019

    2020

    Жау.орынд.



3

4

5

6

7

8

9

10

11


Азаматтардың мемлекеттік органдарға

сенімін артуының өсімі

%


70

62

70,9

68

70

73

ІСБ

Көлеңкелі бизнестің жолын кесу үшін 2015 жылы Алматы қаласында "Оңай" электрондық билеттеу жүйесі енгізілді, оның шеңберінде көлік карталары арқылы жол жүруді қолма-қол ақшасыз төлеу мүмкіндігі іске асырылды. Қала ішіндегі қоғамдық көліктердің барлығына орналастырылды. Бұдан басқа, қала маңындағы маршруттарда электронды билеттеу жүйесін ішінара енгізу жұмысы басталды. 2019 жылы қала маңындағы маршруттарда электронды билет жүйесі №202, 203, 204, 207, 211, 212 маршруттарда жұмыс істейді. Бұл жұмыс жалғастырылуда.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Құпия сатып алушылар» әдісімен мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне қоғамдық мониторинг жүргізеді. Жүргізілген әлеуметтік зерттеудің талдамалы баяндамасында азаматтарда белгілі бір мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің деңгейі туралы блоктары бар екені анықталды, онда сыйлық сыйлау, белгілі бір салаға әсері бар тұлғаларға жүгіну сияқты сыбайлас жемқорлық инциденттерінің кең таралған түрлері талданды.

Музей мен театрларда, білім беру мекемелерінде, жемқорлыққа қарсы түрлі семинарлар мен дәрістер өткізіледі. Мәселен, мәдениет саласындағы жемқорлықты тыю мақсатында музей мен театрларға кіру билеттерін қолма-қол емес, онлайн платформалар арқылы сатып алу жолдары қарастырылған.

1. «Оңай» картасы – туристер үшін

2. Тикетон «Онлайн жүйесі»

3. «CityPASS» картасы – туристер үшін

4. Музей шотына аудару

Балалар мен жасөспірімдер жиі баратын Қазақ мемлекеттік қуыршақ театрында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған театр қойылымы өткізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы театрландырылған насихаттаушы қойылымдарды мемлекеттік және азаматтық қызметшілер де көреді.

Колледжде өскелең ұрпақтың жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыратын кітаптардың көрмесі, әңгімелесу өткізіліп, кітапханаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы бұрыштар құрылған.

Алматы қаласының барлық білім беру ұйымдарында басшылардың тоқсан сайын оқушылардың ата-аналары ұжымы, жұртшылық алдында білім беру мекемелерін ұстауға бөлінген қаржыны жұмсау бойынша есептері жүргізіледі. Осы мақсатта ата-аналардың қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, қаржылық есептіліктің бірыңғай нысаны бекітілді, есептер Алматы қаласы Білім басқармасының сайтында орналастырылған.

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес апта сайын бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына мониторинг жүргізіледі.

Аудан әкімдігі аппараты мен басқармаларда (Қоғамдық даму және Әлеуметтік әл-ауқат басқармалары) «Ашық есік» күні өткізіледі.

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын «Алматы – адалдық аланы» жобасын іске асыру мониторингін тұрақты негізде жүргізеді.

Сонымен, жоба аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түрлі форматтағы бірқатар іс – шараларды ұйымдастыру қарастырылған және «Алматы-адалдық аланы» жобалық кеңсесінің қызметін жүзеге асыруға қолдау көрсетіледі. Халықты ақпараттандыру үшін танымал Facebook, Instagram және Twitter әлеуметтік желілерінде жоба парақшалары ашылды. Бұл парақшалар пайдалы ақпаратпен және өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтермен үнемі толықтырылып отырады. Сондай-ақ, әлеуметтік парақшаларда жоба аясында дайындалған мемлекеттік және орыс тілдерінде тақырыптық ролик орналастырылған.

Тұрғын үйдің, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қолжетімділігін арттыру мақсатында тұрғын үйге кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі құрылған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы және алдын алуға, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, жұртшылық үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

2016 жылдан бастап Алматы қаласының экрандары мен аудио тарату желілерінде, метрополитен стансалары мен вагондарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және төзбеушілік туралы аудио және бейнероликтер көрсетіледі.