Атақты Эннио Морриконе қайтыс болды - на bugin.kz
Мирас - на bugin.kz Мирас

Рим ауруханасында

Итальяндық композитор, аранжировщик және дирижер Эннио Морриконе 91 жасында қайтыс болды. Бұл туралы la Repubblica басылымы хабарлады

Композитордың өлімінің себебі құлағаннан пайда болған асқынулар. Ол Рим қаласындағы ауруханада көз жұмған.

Морриконе өзінің бұрынғы сыныптасы, режиссері Серджо Леоне спагетти-вестерндерінің ("Бірнеше долларға көп", "Жақсы, жаман, зұлым" және т.б.) музыкасының авторы ретінде танымал болды.

Ол сондай-ақ Пьер Паоло Пазолини, Бернардо Бертолуччи, Александр Петрович, Квентин Тарантино сынды режиссерлердің фильмдеріне саундтрек жазған болатын.

0 Пікір Кіру