Weekend

WhatsApp хабарламаларды тарату санын неліктен шектейтін болды?

Орынды уәж

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

WhatsApp бағдарламашылары желіде жалған ақпарат таратуға қарсы күресу үшін кез-келген хабарды 5 реттен артық таратуға болмайтын етіп шектейтінін айтты. Олар сервис арқылы таратылатын жалған хабарлардың көптігінен осы қадамға келгендігін алға тартты. 

Бағдарламаның ережелерін жаңарту туралы мәселе Индонезияның Джакарта қаласында өткен іс-шарада талқыланды. Осыған байланысты елде жалпы сайлау сәуір айында өткізілетін болып бекітілді. Олар мемлекеттерінде жасаған жарты жылдық сынақтан соң осындай қорытындыға келген. «Лимитті шектеу бүкіл әлемде таратылатын хабарламалардың санын едәуір қысқартты»,-деді баспасөз хатшысы. «Бұл WhatsApp-қа жеке адамдармен тығыз байланыс орнатуға көмектеседі. Біз алдағы уақытта пайдаланушылардың пікіріне құлақ асып көреміз және вирустық контентпен күресудің жаңа жолын іздейміз»,-деді ол.

Шифрланған хабарлар

WhatsApp тобына енді 256 қолданушыға дейін тіркелуге болады. Мәселен, бір пайдаланушы енді осыған дейін мүмкін болған 5120 адамға емес, 1280 адамға ғана хабар жібере алады.Дегенмен, қабылдаушы тараптың хабарды бес рет таратуына әбден болады. WhatsApp және Facebook қызметтерінің насихаттау және интернеттегі басқа өтіріктерді таратудағы рөлі ескеріле отырып осы шешімге келген болатын.

Өткен аптада Facebook Орталық Еуропа, Украина және басқа да Шығыс Еуропа елдерінде жалған жаңалықтарды таратуға қатысы бар деген 500 парақшаны және жазбаны жойғанын жариялады. Сондай-ақ жақында өзінің негізгі платформасында парақшаларды анықтау үшін Ұлыбританияға арналған фактілерді іздеу қызметін пайдаланғаны туралы жазды.

Дегенмен, WhatsApp-ті шифрлау – хабарламаларды жіберушілер мен алушылар ғана оқи алады деген сөз, бұл фирманың жалған есептерді анықтау мүмкіндігін шектейді.