Bugin
Шара
Орал қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен 31 мамыр ашаршылықпен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, қазақ елінде орын алған саяси қуғын-сүргіннің себептері мен салдарына арналған «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» тақырыбындағы онлайн-сұхбат өтті.
Бұл шараның негізгі мақсаты- жазықсыз жапа шеккен ұлт жанашырларын еске алу, қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ көшбасшылардың істерін үлгі етіп, жастарды патриоттыққа баулу болды. Шара қонақтары: М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті тарих мамандағанаң магистранты Дузбасова Айдана Жеңісқызы, КазИИТУ кешенінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Сұлтан Алғазы Бекболатұлы сонау қанқұйлы жылдардың оқиғасын баяндап, тарихын таныстырды.
Сол жылдары нәубетке шарпылмаған, аштық тауқыметін тартпаған қазақ қалған жоқ. Кейбір ауылдар түгелімен жоқ болып кетті. Мұның барлығы сол кездегі кеңестік биліктің тоталитарлық саясатының қолдан жасаған зұлматы еді. Ашаршылықтың алдындағы тіркелу, ұйымдастыру науқандары талай дәуірден бері қапысыз қалыптасқан көшпелі қазақтың шаруашылығын шайқап, тіршілік қалыбын бұзды.
Шамамен тарихшылардың айтуы бойынша сол кезде қандастарымыздың 60 пайызы қырылып кеткен. Бұл басқа елдермен салыстырғанда адамзат тарихында осындай қиянат болмаған. Кеңес өкіметі болмағанда, қолдан жасалған аштық болмағанда, қуғын-сүргін болмаған кезде қазір 30 миллиондық халқымыз болар ма еді. Яғни біздер тек қана болған нәрсені емес және қандай нәрсе болуы керек еді дегенді тарихи жадымыздан шығармағанымыз дұрыс. «Біз кімбіз, қайдан шыққан едік, біздің бабаларымыз қандай жағдайда дүниеден өтті» деген мәселелерді өзімізге өмірлік сұрақ ретінде қойып отыруымыз керек. Қазақ халқының мықтылығын осы тарих беттерін ақтара отырып көз жеткізуге болады.
11 «ә» сынып оқушысы Жасталапова Гүлзина