Weekend
Кәріс журналистикасының тарихы терең
Оңтүстік Корея журналистикасының пайда болғанына бір жарым ғасырдай уақыт болыпты. Осы күнгі ең озық деген "журналистиканың" тарихына үңіліп көрдік...
Оңтүстік Кореяның журналистикасы ерте кезден-ақ басталған. Бүгінгі таңдағы дамыған мемлекеттердің қатарынан орын алатын елдің БАҚ да жақсы дамыған. Мысалы, Оңтүстік Кореяда алғашқы газет 1883 жылдың 31 қазанында Хансунг Сунбо Чосон деген атпен жарық көрген. Ол сол дəуірдің аяғында, "Пакмункук" атты баспа үйінде басып шығарылған.
Негізінен, тұңғыш басылым ханджа тілінде басылып, айына үш реттен 1884 жылға дейін шығып тұрды. Екі жылдан кейін, 1886 жылдан бастап қайтадан жақсара бастады. Тағы бір айта кететін жайт, кәрістерде жеке кәсіпкерлік жайлы да газеттер шығатын болған. Ондай басылымдардың алғашқысы "The Independent". Басшысы - Со Чжэ Пил. Оқырмандар жариялынымдарды ағылшын мен хангаль тілінде оқи алды.
Ал елде күнделікті газеттер де пайда бола бастаған. 1898 жылы "Мейль синмун" басылымы жарыққа шықты. "Тэкан мейль синбо" - 1904 жылы оқырмандарға жол тартты. Халықтың санасын көтергенмен, 1905 жылы жапондардың ықпалынан жойылып кетті. Осы жапондықтардың қыспағынан Кореяда 1910-1920 жылдары "журналтстикадағы қаралы кезең" орын алды. Десе де, елде бір де бір басылым болмағанымен Сан-Францискода "Коонип синмун" және "Синкам минбо" шықса, Кеңес өкіметінде "Тэдон синмун" басылымы шығып тұрған. Қызық, оларды кім оқыған екен?!
1945 жылдан кейін, кәрістер тәуелсіздік алып, бірнеше аптаның өзінде 65-тен аса газет ашылған. 1993 жылдың өзінде ғана ол мемлекетте 103 күнделікте газет басылып шығатын болған. Оның жартысынан көбі ел астанасы Сеулде, қалғаны кішігірім аудандарда шығатын болған. Бұл көрсеткіш күн санап өсіп отырды, 1995 жылы 116 газетке дейін артқан. Ал қазір сағатына 15000 дана түрлі түсті өнімдер шығарып жатыр. Міне, нағыз БАҚ дамыған ел деп осы кәрістердің Отанын айтуға болады.