Қоғам

Еліміздегі интернет-журналистиканың бүгіні мен болашағы

Жаңа медиа

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңа медиа БАҚ-қа үлкен өзгеріс болып келді. Бүгінде ол интернет-журналистика деген атаумен танымал. Жаңа медиа өзінің әртүрлі графикалық, мультимедиялық қосымшалары арқылы ұзын сонар мәтінге деген тәуелділікті азайтты. 

Сөз бостандығын біраз жеңілдетті. Аудиториямен тығыз байланыс орнатты. Көптеген сайттар арнайы оқырман үшін түсініктеме (комментарий) жазып, ойларын ашық  айтуға болатын қосымшалар ойлап тапты.

ХХІ  ғасыр –  жылдам  ақпарат  пен  озық  технология  ғасыры. Күн  сайын  дамып, жаңарып, көз ілестірер емес. Жер бетіндегі барлық мемлекеттер заман талабына сай болып, көш бастағысы келеді. Сол себепті, қазіргі таңда еліміз  әртүрлі  салаларға барынша жағдай жасап, озық технология және ғаламтор жүйесімен қамтамасыз етіп жатыр.

Интернет-журналистиканың  дамуындағы  негізгі  элемент – ақпараттық қоғам болып табылады. Оны  қолданатын  қарапайым  халық  және  заңды тұлғалар. Интернет-журналистиканың басты артықшылығы неде екенін білесіз бе?

Интернет-журналистика   

-   жылдам;

-   қолжетімді;

-   шағын әрі түсінікті;

-   уақыт жағынан тиімді;

Интернет  БАҚ  көпшілікке  пайдалы  болуымен, объективтілігімен, мақсатты  аудиториясымен,  мерзімділігімен  және  тіркелуімен ерекшеленеді.  

Интернет-журналистиканың  даму  жолында  мобильді құрылғылар  кеңінен  қолданылады. Адамдардың  тең  жартысынан көбі ғаламтор  желілеріне  өз  ұялы  телефондарымен  кіруді әдетке  айналдырған. 

Америка халқының 65 пайызы  мобильді құрылғыларды  пайдаланады.  Біз интернет  қосымшаларын пайдаланатын адамдарды үш топқа бөлеміз. Бірінші –журналистер, екінші – қарапайым оқырман және үшіншісі – ғылыми қызметкерлер.  Қазіргі  таңда  көпшілікке жұлдызды  сұхбаттар,  жұлдызды  жаңалықтар  және  көңіл  көтерушілік ақпараттар қызықты болып бара жатыр. Өсек-аяң, жалған фейк ақпараттар көзді ашып - жұмғанша таралып кетеді. Оның себебі өте көп. Бірі рейтинг қуған сайттар болса, енді бірі блогерлер деп айтсақ болады. 

Біз әдетте интернет журналистика және дәстүрлі журналистика деп екіге бөліп жатамыз. Бүгінгі мен кешегі деп таласуда. Журналистер үшін екеуі де ортақ болғаны дұрыс. Әрине, олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Мәселен, интернет-журналистика өзінің нақты, әрі жылдамдығымен ерекшеленеді. 

Бұл үнемі уақытпен жарысып жүретін халық үшін тиімді болары анық. Алайда бір кемшілігі бар. Кез-келген адам жалған ақпарат жазып, таратып жібере алады. Бұл халықаралық немесе ұлтаралық дау туғызуы әбден мүмкін. 

Мұндай жағдай болса, фактчекинг сайтынан арнайы қараған жөн. Дәстүрлі журналистика қанша баяу болғанымен, жазылған ақпарат шынай ақпарат болу ықтималдығы өте жоғары. Бүгінгі күні газет-журнал оқитын адамдарды көп деп айта алмаймыз. Дегенмен оның да өз оқырмандары бар.  Міне, осыларға қарамастан интернет-журналистика қарқынды түрде дамып келе жатыр.