Weekend

Сен саларда мен салар, жәшікке қоқысты кім салар?

Қоқысты қоғам

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін мен Алматының алып құшағына сыймай, жыртық қаптан төгіліп, тарыдай шашылған қоқыстар жайлы сөз етемін. Қай көшені кезсек те қай жерге барсақ та таудай үйінділер мен қоқыр-соқырға тап боламыз. Біз қашан үйреншікті қоқыстан, тосырқаудан арыламыз? 

Табиғатқа, одан бұрын өзімізге қашан жанашырлықпен қараймыз? Жүретін жолың, шығар баспалдағың , тіпті, лифтінің іші қоқысқа толы. Қарапайым бір мысал айтайын. Құрбан айтта мұсылман қауым шама-шарқына қарай құрбандық шалды. Сорақысы сол екен, малдың ішек-қарны қоқыс жәшігі былай тұрсын, көшені жағалай толыпты. Ғаламтор желіснен көріп жағамды ұстадым. Құрбан айтта осылай ысырапқа жол береді ме? Құрбандық шалудың жөні осы екен деп ойлаған ба? Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Бұл аздай қоқысқа ас атасы нанды да лақтырады. Қазақ әу бастан ысырыпқа жол бермей, обал жасаудан сақтанған. Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесің деген халық даналығында үлкен мән бар. Заманына қарай адамы.

Ат аунаған жерде түк қалады. Ал, қазір керісінше адам жүрген жерде зат қалады. Жуас түйе жүндеуге жақсы ғой. Бірі қоқысты жинап әлек, бірі лақтырып, шашып әлек. Қаламыз да даламыз да бей-берекет жатқан қоқыстарға толы. Тұрғындардың ұқыпсыздығы мен немқұрайлығы қаланың ластануына сүбелі үлесін қосып жатыр.

Сингапурде тасталған қоқыс үшін $500 – ден $1000-ға дейін, далада тамақтануға - $1000 көлемінде айыппұл салынады екен. Чехияда тиісті емес жерде сағыз бен басқа қоқыс тасталса, мәдени-тарихи орындарда спирттік ішімдіктер ішілсе $2 көлемінде айыппұл салынады. Араб елдерінде темекі тұқылы үшін - $55-ға, көшеде түкіру үшін - $27-ға айыпталады. Тазалығы табалдырығынан басталған Қазақ қоғамында қоқыс тасталса қандай айыппұл салынады ?

"Белгіленбеген орынға қоқыс тастағандарға 1млн 200 мыңнан астам тенге айыппұл салынды", "Астанада белгіленбеген орынға қоқыс тастаған жүргізушіге 4 млн тенге айыппұл салынды", "Темекі тұқылын тастаған тұрғындар жазаға тартылады" міне біздің қоғам жаттанды бірнеше сөйлемді ауыз толтырып айтадыдағы, жабулы қазан жабулы күйде қалады. Контейнерлерге, көшеге айыппұл салынған адамдар мен айыппұл көлемі, занға қайшылық жасап, қоқысты шашу, бөтелкелерді сындыру мен темекі тұқылын тастау заңмен қадағаланатынын банерлермен басқа да амалдармен көрсету қажет деп ойлаймын. Сонда ғана бір нәтиже шығып, қоқысты қоғамнан арыламыз.